• 22 сентября, 2024 7:15 пп

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы

Автор:admin

Июл 20, 2024

Жалпы қаржының жалақығңа қандай қатысы бар?Қаржылық нарық пен ақшалай сыйақының бір-бірінен нендей айырмашылықтары бар деген сұрақтардың жауабын біздің порталдың алдыңғы жаңалықтар легінен оқып білуіңізге болады. Біздің редакциямыз Түркістан облысының тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған мақалалар желісін әрі қарай жалғамақ. Қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты; қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты. Жалақы көмегімен v толық және m ішінара бөлінеді. Қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қорын құрайды. Жалақы – салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. Сонымен бірге қарастырылып отырған категориялардың іс-қимыл сфералары мен іс-қимыл уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-қимылы еңбекке ақы төлеуге қарағанда кеңірек, өйткені қаржы бүкіл қоғамдық өнімді, ал еңбекке ақы төлеу тек қажетті өнімді және қосымша өнімнің бір бөлігін бөледі.. Еңбекке ақы төлеу оның өнімділігін ынталандырады, ал қаржы қаржы механизмі арқылы оның дамуын жандандыра  отырып, бүкіл қоғамдық өнімге ықпал етеді Қоғамдық өнім құнын бөлуге несие де қатысады. Әр қайта бөлгіштік процестер несие қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты несие қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады. Сонымен қатар қаралып отырған категориялардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құнды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қарыжаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; несиенің аса маңызды қағидаты – берілетін несиенің материалдық қамтамасыздығы.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin