Төлеби ауданында экоакция аясында «Жасыл аймақ» апталығында спорттық мекемелер абаттандыру жұмыстарына үлес қосуда. Осы ретте ауданындағы 4 спорттық мекеме тарапынан сенбілік ұйымдастырылып, көгалдандыру шаралары жүргізілді.
Атқарылған шаралар барысында 400 түп қара ағаш, 100 түп алма, 120 түп шырша көшеттері отырғызылды. Жалпы апталық аясындағы абаттандыру жұмысына аудан тұрғындары мен еріктілерден құралған 100 адам қатысты. Алдағы уақытта көгалды аймақ көлемін ұлғайту мақсатында жұмыстар жалғаса бермек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі