• 23 декабря, 2024 4:54 пп

ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖАРҚЫН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР

Автор:admin

Дек 23, 2024

Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады. Азаматтар Заңда белгіленген тәртіппен және түрлерде әскери қызмет атқарады»,- делінген. Ия, Ата заңымыздаайқын жазылған міндетті асқақ абыройменатқарып,жүрген жалынды жастар көп-ақ. Солардың бір бөлігі еліміздің ішкі тыныштығының қалқаны болған Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді. Жылына 2 шақырылыммен әскерімізге келетінжауынгерлер бір жыл ішінде өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындап, әскери қызметтің дағдыларын игеріп, нағыз ұлан боп шығады.

Шымкент қаласындағы 6698 әскери бөлімінде мерзімдік қызметін өтеп жүрген сарбаздарымыз да әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығына салмақты үлес қосады. Өткен жылдың желтоқсан айында әскери бөлімнің табалдырығын аттаған жастар, жауынан жасымайтын жауынгер болып, мерзімдік қызметін аяқтағалы отыр. «Сен тұр, мен атайын» деген сарбаздарымыз ішінде үлгілі тәртібімен, адал азаматтығымен, қырағы қызметімен, белсенділігімен, ұшқыр білімімен көзге түсіп, жауынгерлік жолына жарқын із қалдырған бірқатар сарбаздарымыз жайлы айтпақпыз.

Ефрейтор Базарбай Алмат Махмұтұлы Президентіміз жаңа атау берген қазіргі Қонаев қаласында 2005 жылы 8 сәуірде дүниеге келген,отбасының тұңғыш перзенті.

Мектепті аяқтаған соң, білімін колледждежалғастырады. Дипломын алған соң, ата-анасына, бауырларына қолғабыс көрсетіп әртүрлі қоғамдық орындарда жұмыс жасайды. Алайда алға қойған бірмақсаты жоғары білім алу еді. Әкесінің ақылымен жоғару оқу орнына түсуге дайындалады. 2023 жылдың желтоқсан айында әскер қатарына шақырту алады. Осылайша Шымкент қаласына Отан қорғауға аттанады. Әскери қызметтің алғашқы дайындығы аяқталған соң, әскери ант қабылдайды. Салтанаттышараға Алматтың ата-анасы келіп, ұлдарының нағыз жауынгер болғанын көріп қуанады. Алмат: «Әкем ант қабылдап болған соң, арқамнан қағып, құттықтап тұрып, әскери анттың артында халықтың, елдің, Отанның үлкен аманаты тұрғанын, анттан аттауға болмайтындығын бір ауыз сөзбен санама құйып кетті. Осыдан кейін менің бір сәтте жауынгерлікжолдан таюға ешқандай құқым жоқ еді», — дейді. 1 атқыштар ротасында жауынгерлік қызметін бастаған Алмат әрқашан озат, үлгілі, сауатты сарбаз бола білді. Колледжде алған шаштараз мамандығы әскери ортада пайдасы тиді. Денсаулықтың кепілі — тазалық бірінші орында тұратын әскерде ұқыптылық, жинақылық әрқашан сарбаздар сабының сәні еді. Тәртіпке сай қарулас достарының шаш үлгісін шеберлікпен алып, көңілдерінен шығатын Алматқа олардың айтар алғысы да аз емес. Әскерге келгенкүннен бастап сарбаздар арасында Президентіміздің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан жобаның бірімерзімдік қызметін атқарған жастарға тегін білімгранттарын бөлу туралы түсіндірме жұмыстар белсенді жүргізілді. Бұл Алматтың жоғары білім алутуралы мақсатын орындаудың оңтайлы жолы болды. Қалайда осы сертификатты иелену үшін барынсалып, үлгілі қызмет етті. Еңбек еш кетпеді, қазан айындағы конкурс қорытындысы бойынша АлматӘл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінегрант сертификатын жеңіп алды. «Конкурс қорытындысын естігенде қуанышымда шек болған жоқ, бір жыл бойы дене шынықтыру дайындығы, жауынгерлік дайындық, мемлекеттік-құқықтық дайындық сияқты пәндерді өте жақсы үйретіп, менің үздік бағалар алуыма көмектескен рота командиріне, взвод командиріне, взвод сержантына алғысым шексіз. Олар менің арманымның орындалуына жолашқан тұлғалар десем де болады»,- дейдіқуанышымен бөліскен Алмат.

Осындай үлгілі сарбаздардың біріефрейтор Таимов Мақсат әскер қатарына Қызылорда қаласынан шақырылды.

Мақсат та, әскери қызметте өзін жақсы жағынан көрсетіп, командирлер мен сержанттарға нағыз көмекші, адал дос бола білгенжауынгерлер қатарында. Әскерге келгеннен бастапөзінің суретшілік, шығармашылық талантының арқасында ротаның белсенді жастар орталығын басқарды. Жауынгерлік үнпарақ, әртүрлі атаулыкүндер мен мерекелерге орай шығарылатын қабырға баспаларының авторы болды. Ротадағы шығармашылық іс-шаралардың басы-қасында өзі жүрді. Әскери бөлімнің жауынгерлік қызметіне өзінің алғырлығымен, қырағылығымен, үлгілі тәртібімен үлес қосқан Мақсатты әңгімеген тартқан болатынбыз.

«Мен Қызылорда қаласында 2004 жылы дүниеге келдім. 2019 жылы мектепті аяқтаған соң, М. Мәметова атындағы педагогикалық колледжіне оқуға түстім. Өзім мұғалім мамандығын таңдадым. 2023 жылы әскерге шақырту келді. Ойланбастан әскери міндетімді орындауға аттандым. Әскери қызметке бірден үйреніп кеттім, оңай болды деп айтаалмаймын, өзіне жараса қиындығы да, қызығы да болды. Алғаш қару алып, оқу-жаттығу алаңына барғаным есімнен кетпейді. Одан кейін бастыміндетіміз жауынгерлік қызметімізді орындауға көштік, алдымен тәжірибеден өттік, 3 сағат сақшы болып тұруға үйрендік. Бір жыл ішінде 67-ден асажауынгерлік қызметке түстім. Әскери қызмет мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Мұндағы үлкен жетістіктерімнің бірі – жоғары оқу орнына білімгарантын иелену. Еліме оралған соң, жоғару оқу орнын аяқтап, шәкірт тәрбиелеп ұлағатты ұстаз болсам деген арманым бар», — деп әңгімесін аяқтады Мақсат.


Ефрейтор Қыдырбай Береке Қуанышбекұлы
– 2 атқыштар ротасының сарбаз-атқышы. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе аулындадүниеге келген нағыз қыр баласы – Береке ротаданағыз жанашырлықтың, қамқорлықтың, мейірімділіктің символы болды. Кез-келген адамнанкөмегін аямайтын Береке қарулас достарының ортасында да беделді еді. Ауылдағы ағайынның арасындағы ауызбіршілік пен татулықты, бауырмашылдық пен бірлікті көріп өскен Береке осы тәрбиені өзі жүрген әскери ортада да жалғастырды. «Әскери тәртіп пен әскери қызмет бізді біраз жаманәдеттерден тыйылуға үйретті. Шынында біз жастарғаламтордың шырмауында қалып барамыз, ондағы үйренетін жақсы нәрседен, жамандары көп. Әскери өмірде өзіме көңіл бөлдім, шынықтым, шыңдалдым, алдыма айқын мақсат қойдым, Отанымның, жанымажақын жандардың амандығы мен үшін бәрінен қымбат. Әскерге алғаш келгенімде менікомандирлерімсапқа тұрудан бастап, қару ұстауға, оны қолдан білуге, мұқияттылыққа, жауынгерлікқызметке қалай үйретсе, өзімнен кейін келгенбауырларыма да, дәл солай үйретуге, қолдау көрсетуге тырыстым. Өз заманында «Біріңді қазақ біріңді дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Абай бабамыздың дана сөзі бізге арналғандай көрінеді. Менің өмірлік ұстанымым – әр қазақ менің жалғызым»,- дейді Береке. Ия, қамқорлық, жанашырлық аңғалдық сияқты адам жанының асылқасиеттері Берекенің бір бойынан табылары сөзсіз. Мұндай жауынгердің рухы да биік болары анық.

Әскери бөлімнің әскери қалашығын, ондағы қоймалар мен ғимараттарды күзететін ішкі қарауыл қызметін орындайтын атқыштар взводындажауынгерлік қызмет атқаратын ефрейтор Ерғалиев Данияр Ерғалиұлы жауынгерлік қызметтің үздігі.

Данияр Қызылорда облысы, Қармақшы ауданыТөретам кентінде туған. Отбасының кенжесіДаниярдың еркелігі басым болды. Байқоңыр ғарыш айлағында қызмет атқаратын әкесі Ерғали Даниярдың бетінен қақпады. Үлкен ұлдары мен қыздарының жоғары оқу орындарын аяқтап, қызметке орналасуына жағдай жасаған әкесі Даниярдың да оқуға баруын қалады. 9 сыныптыаяқтаған соң Қызылорда аграрлық-техникалық колледжіне оқуға түсіп, автомеханик мамандығын алып шығады. 2023 жылы күзгі шақырылымға ілініп, желтоқсан айында әскер қатарына алынады. Қашанда кез-келген істі әкесімен ақылдасатын Данияр әскерге кететіні туралы алғаш әкесіне жеткізді. Осылайша ата-анасының ақ батасыменОтан қорғауға аттанған Данияр түзу жолдантаймады. Әскери қызметтің қыр-сырын жетікмеңгерді. Ішкі қарауыл бойынша жауынгерлікқызметтітәжірибесі мол сержанттармен бірдейатқарып жүрді. Қасындағы қарулас достарынанқарауыл қызметін атқару кезінде көмегін аямады. Атқыштар взводының командирі лейтенант Мелдебек Әділжан: «Даниярдың кез-келген істекөзсіз батырлығы мені таң қалдырады, оның бойында қайтпас қайсарлық, жасымайтын бірбеткейтік мінезі, өзіне нық сенімділік сияқты ер жігітке тән өте жақсы қасиеттер бар. 1 жыл бойы атқарған жауынгерлік қызметінде ешқандай ескерту алған емес, менің, сержанттарымның көмекшісі. Сарбаздарды жауынгерлік қызметке бөлгенде саналыойларымен бөлісіп, оларға жігер беріп отырады. Жауынгерлік қызметте орындалатын міндеттерді, іс-әрекетті жатқа біледі, жетік орындайды. Осындайсарбаздарымның барлығымен мақтанамын»,- дейді.  «Жақында ғана Алматы қаласындағы «Логистика және көлік академиясына» оқу грантын жеңіп алдым. Бұл қуанышымды бірінші әкеме айттым. Маған осындай мүмкіндік сыйлаған командирлеріме алғыс айтамын. Мен Ұлттық ұлан қатарында әскериборышымды атқарғанымды мақтан етемін»,- дейді Данияр.

 


Ефрейтор Айдаров
Анаят Айдарұлы – 1 атқыштар ротасының сарбаз – атқышы. Тактикалық атыс дайындығының, қарумен атудың, сарбаздарарасында 100 метрге жүгірудің үздігі.

Ленгер қаласында ұйымдастырылған оқу пунктінде жүріп-ақ өзін барлық жағынан жақсы көрсете білген жауынгер бірден бәрінің көзіне түсті. Көп сөйлемейтін, тұйықтау, салмақты мінезі бар Анаяттың шапшаңдығы, шымырлығы, алғырлығы оны үнемі үздіктер қатарынан көрсетіп жүрді.

«Менің әскерге келуім қызық болды»,- депбастады әңгімесін Айдар. «11сыныпты бітірген соң сауда орындарында сатушы боп жұмыс істейбастадым.  Әдеттегідей досым екеуміз жұмыстан келе жатқанбыз, бізді әскери формадағы кісілертоқтатып аты-жөнімізді, ЖСН сұрады. Алғашында қандай да бір бұзушылық жасадық па деп, сескеніпқалдық. Кейін біздің әскерге баруымыз үшін шақырту беріп, арнайы мекемеге шақырды. Барған соң, құжаттарымды толтырып, әскерге баратынымтуралы айтты. Осылайша 23 желтоқсанда Шымкент қаласына жол тарттық. Мен бала кезімнен спорттыжақсы көретінмін, әрқашан жаттығуды кейінгеқалдырмайтынмын. Әскерде осы әдетімді жалғастырдым. Менің үздіктер қатарында болуымаүлкен әсер етті. Әскери қызметте маған қиындау болғаны 3 сағат сақшы болып постта тұру еді, бірақ командирлерімнің арқасында тез үйреніп кеттім. Өзіңе артылған міндетті, жауапкершілікті саналытүрде түсіне білсең, жауынгерлік қызметті атқару оңай болады екен»,- дейді.

Алматы қаласындағы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетіне білім грантынжеңіп алған Анаят  болашақта мықты кәсіпкер болғысы келетінін айтты.

Әрбір елдің айбынын асқақтатып тұратын  ұлы күші – әскері. Қазіргідей алмағайып кезеңде маңыздысы — әскеріміздің қуатты болуы. Еліміздің қорғанысын күшейтуге дамыған үлгідегі қару-жарақ, техника, әскерді басқарудағы жаңа әдістер аздық етеді.  Мұндағы ең айбынды қуатты күш –мықты жауынгерлеріміз.Ендеше әскеріміздің берік тірегісарбаздарымыз аман болсын!

6698 әскери бөлімі

капитан Шынжигитова Малика

Автор: admin