Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануға баса назар аударылады, деп хабарлады Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі. Жаңа бюджеттік саясаттың мақсаты бюджет қаражатын тиімді пайдалану болып табылады, деп хабарлайды jsk.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі. Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануға баса назар аударылады, деп хабарлады Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Б.Жәмішев. «Жаңа бюджет саясатының шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне баса назар аударылады. Тиісінше мемлекеттік органдардың бюджетті атқару туралы есептілігіне көзқарас өзгертілетін болады», — деді Б.Жәмішев республикалық бюджетті орындау практикасын жетілдіру бойынша Үкіметтің шаралары жайлы айтқан сөзінде. «Жаңа бюджет саясаты бюджет шығындарын басқарудан нәтижелерді басқаруға көшуді ұйғарады», — деп атап өтті министр. Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, бюджеттің орындалуна байланысты көптеген мәселелер Үкімет жасаған тұжырымдарда шешімін тапты. Оның ішінде жаңа бюджеттік саясат Тұжырымдамасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіруді, мемлекеттік аудитті енгізуді, сонымен қатар 2030 жылға дейінгі Әлеуметтік даму тұжырымдамасын атады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды IT-елге айналдыру үшін стратегиялық маңызды міндет қойды. Дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы жедел ақпаратқа қол жеткізіп, жаңа технологияларды қолдану керек. Ұсынылып отырған тәсілдерді экономиканың басқа салалары бойынша кеңейту қажет. Барлық құралдар мен мәліметтер қолжетімді. Деректер алмасуды және жүйелерді интеграциялауды дұрыс жолға қою керек.
Jsk ақпараттық орталығы