Биылғы жылдың өзекті бастамаларының бірі — қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі — лингвистер арасында қызу пікірталасқа толы тақырып, себебі, ең алдымен, латын әліпбиі арқылы тіліміздің төл дыбыстарын қалай белгілеуіміз, және ол белгілеулердің тіліміздегі заңдарға барынша сай әрі ыңғайлы болуы — бәрі зор маңызға ие. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр. Болашақта түркі халықтары латын таңбаларына негізделген ортақ әліпбиге көшеді. — Латын әрпіне көшу арқылы біз әлемдік кеңістікке жақындаймыз.
— Компьютерде, ұялы телефондарда осы әріпті қолданатын жастар көп.
— Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі.
Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.
Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден—араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші—латын әліпбиі(1929-1940 жж.), үшіншісі—кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз). атын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық — тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. — Қазақстандықтар латын әліпбиінің 20-дан астам жаңа слабовидящихн ұсынды.Сондай-ақ жұмыс тобына қазақстандықтардан 1600-ге жуық ұсыныс-пікір келіп түскен.Ел азаматтары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша өз нұсқаларын ұсынып жатыр. Қазіргі уақытта жұмыс тобына 20-дан астам нұқса келіп түсті, деп хабарлады Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.
— «Латын әліпбиі Қазақстанға керек. Бұл дұрыс. Бүгін әлем латын әліпбиін қолданады. Қазір интернетті ашсаң, негізінен ақпарат латын әліпбиінде ғой. Біздің бауырларымыз — түріктер, түрікмендер, өзбектер латынға көшті. Қорқынышты еш нәрсе жоқ. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Енді тек бұл ұсыныстың тек ұсыныс болып қалмағаны маңызды», — деп жауап берді Тайжан мәжілісте өткен отырыстан кейін журналистердің қойған сұрағына.
Jsk ақпарат