• 8 сентября, 2024 1:24 дп

Жекешелендіруге акцияларды шығару

Автор:admin

Июл 25, 2024

Түркістан облысында жекешелендіру бағыты қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен  жекешелендіру бағытында «Самұрық Қазына» қорына берілген бұл саланың мамандары нысандар бойынша түсіндіру жұмыстарын, ірі инвесторлар үшін семинарлар өткізіп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары жарнама, конференциялар жасау арқылы қаржысы бар, бірақ оны пайда табу көзіне дұрыс орналастыру үшін тиімді, түсінікті шараларды көбірек жасау қажет. Жекешелендіруден нарықта туындайтын тағы бір мәселе, кедендік одаққа мүше мемлекеттер Ресей мен Белоруссияның кәсіпкерлері біздің елдегі өндірістердің акцияларын сатып алуы мүмкін, өйткені, үш мемлекетте бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасқан. Шетел инвесторларын, компанияларды ішкі нарыққа араластыру барысында дұрыстап зерттеп талдаулар жасау маңызды. Сондықтан халық, елдегі ірі кәсіпкерлер жекешелендіру процесіне белсенді араласып, өндірістегі өз үлестерін көбейтіп, қаржысын пайдалы, тиімді экономикалық салаларға салуы қажет. Ел өндірістерінің үлесі өз азаматтарымызға тиесілі болса, біріншіден, шағын және орта бизнес дамып, жұмыс орындары көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарады, екіншіден, қаржы өз нарығымызда қалады. Қазақстан дамушы мемлекет ретінде, дамыған капиталистік елдердің заңдылықтарына бейімделіп ішкі нарықты дамытады, ішкі өнім дамыса, сырттан келетін тауардың үлесі азаяды және сыртқы нарықта отандық өнімдердің көрсеткіші жоғарылайды. Сырттан келетін тауарлардың үлесі қысқарса, мемлекеттің нарығында басқа мемлекеттерге деген экономикалық тәуелділік болмайды, отандық өндіріс қарқынды дамиды. Саяси экономиканың атасы Адам Смит мемлекет даму үшін оның ішкі өнімі 50%-ға жету керек деген болатын. Ұлттық ішкі өнімді дамыту — негізінен, мемлекеттің бақылауындағы шағын және орта бизнестің қолында, шағын және орта бизнес — кәсіпкерліктің негізгі үлесі жекеменшіктің қолында. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нарықтық экономиканы жедел әрі тиімді дамытатын — жекеменшік секторлар. Қазақстанда билік тарапынан шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалған, ендігі кәсіпкерлердің, өндірушілердің міндеті — сапалы, ішкі сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті сапалы өнімдер шығару. Ал халық елдегі жекешелендіру процесіне белсенді қатысып, ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосуы керек. Ол үшін мемлекетте жекешелендіруді жүргізу механизмдері жетілген, халықтың қатысуына ашық демократиялық принциптерге негізделген мүмкіндіктер жасалған.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin