Түркістан облысында жекешелендіру бағытында әкімдік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жалпы «шағын жекешелендіру», ол шағын сауда кәсіпорын- дарының, коммуналдық шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсетудің байқаулары мен аукциондар арқылы жүзеге асырылады; жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»
ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру; «мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру». Жекешелендірудің 3 кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасыныңэкономикасында жекеменшік секторлардың бас мдылығына
қол жеткізу және оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды өткізуді көздейді:
мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;
кәсіпорын мүлігін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;
шаруашылық серіктестердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін.
Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:
электрэнергетикалық кешендегі;
мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;
металлургиялық және тау-кен кешеніндегі;
көлік-коммуникация кешеніндегі;
агроөнеркәсіп кешеніндегі;
әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды.
4 кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымындағы
№ 683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
4 кезең Бағдарламасының басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін
жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізінде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді.
Бағдарламаға сәйкес:
мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомстволарға өткізіп берілді;
«көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекеттік оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды;
Мемлекеттік мүлікті Республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджет табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.
1999-2000 жылдары Мемлекеттік мүлік комитетімен оның облыстық бөлімшелері 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың объектіні купондарға және ресей рубльдеріне жекешелендірді;
28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.
Алғашқы кезеңде жекешелендіруде 4144 млн.рубль алынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруде 215,4 млрд.теңге, соның ішінде акционерлік қоғамдық акцияларын сатудан – ол 90%- дан астам түсті.
Jsk ақпараттық агенттігі