• 9 сентября, 2025 11:37 дп

Жолдау — ел дамуының негізгі тірегі

Автор:admin

Сен 9, 2025

2025 жылғы 8 қыркүйекте ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаев халыққа дәстүрлі Жолдауынжасады. Бұл Жолдау елдің саяси, әлеуметтік жәнеэкономикалық дамуындағы басты басымдықтардыайқындап берді. Мемлекет басшысының үндеуіәрбір қазақстандыққа, соның ішінде ел тыныштығымен қауіпсіздігін күзетіп тұрған әскериқызметшілерге бағыт-бағдар беретін маңызды құжат.

Президент Жолдауда адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды қолдау мәселелеріне ерекшеназар аударды. Бұл біз үшінкәсіби шеберлікті үнеміжетілдіру, жаңа білім мен технологияларды меңгеруқажеттігін білдіреді.

Сондай-ақ, Жолдауда цифрландыру, жасандыинтеллектті енгізу секілді заманауи технологияларжайлы айтылды. Бұл бағыттар тек мемлекеттікбасқару жүйесінде ғана емес, жалпы қауіпсіздіксаласында да тиімділікті арттыруға сеп болары анық. Біз де заман көшінен қалмай, әскери қызметтіжетілдіру үшін жаңа технологияларды меңгеругедайынбыз.

Президент әлеуметтік әділеттілік пен халықтыңәл-ауқатын арттыру мәселелерін де назардан тысқалдырмады. Әскери қызметшілер ретінде біз бұлөзгерістерді өз өмірімізде сезініп, мемлекет ұстаныпотырған жоғары стандарттарға сай болуғаұмтыламыз.

6506 әскери бөлімінің жеке құрамы Президент Жолдауымен мұқият танысып шықты. Бізгежүктелген жауапкершілікті толық сезінеміз жәнееліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі жолындааянбай еңбек етуге дайынбыз. Өйткені Отаналдындағы борышбұл жай ғана мамандық емес, бұлабыройлы міндет.

Мемлекет басшысы айқындаған басымбағыттарды ескере отырып, біз жауынгерлікдайындықты нығайту, кәсіби дағдыларымыздышыңдау және тәртіп пен рухты биік ұстау жолындажұмысты жалғастырамыз. Ел болып бірігіп еңбекетсек, көздеген мақсаттарға жетіп, Қазақстанды оданәрі көркейте аламыз деп сенеміз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

6506 әскери бөлімінің командирі

полковник Марат РАХПАНОВ

Автор: admin