Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан орнықты дамудың өзіндік моделін қалыптастырды. Бұған Қазақстанның мемлекеттік саясаты мен табанды түрде жүргізген реформаларының нәтижесінде қол жеткізгеніміз анық. Бүгінде ел дамуындағы осынау жасампаз бағытты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық жолы арқылы жалғастырып келеді. Республикалық маңызға ие қала атанған Шымкент ендігі жерде еліміздің қаржылық, экономикалық және мәдени орталығына айналуы тиіс. Біз өз қаламызды еңбек ету мен демалуға, өмір сүруге қолайлы, қауіпсіз әрі табысты шаһар еткіміз келеді. Бұл мәселеде қаламыздың жолдарыда әлемдік стандарттарға сәйкес болуы керек. Әрине, мердігерлердің жауапкершілігі жылдан-жылдап артып келеді. Қазір талап күшейген. Жауапты мердігер компаниялардың жұмысы қабылданбаса, олар жолды қайтадан салуы керек. Жыл сайын айыппұл арқалап, шығынға ұшырағаннан кейін әрине, олар сапалы істеуге тырысады. Қазір олар бізге алдын ала тексертуге келетін болды. Өйткені, негізі тексерілмей асфальт салынбайды. Бірінші қабат асфальт салынды ма, оны тексермей екіншісіне өтпейді. Біз соған жеттік. Бірінші кезекте біз мердігерлерге басты талап сапа екенін ұқтырдық. Одан кейін, енді диагностикалау бойынша да жұмысты бастаймыз. Әдетте қала тұрғындарының, азаматтардың «жап-жақсы жолды бұзып жатсыңдар, жол жоқ жерге неге салмайсыңдар» деген сындары айтылып жатады. Бұл негізсіз. Диагностика бойынша жолдың қанша уақытқа жарамдылығы, сапасы тексеріледі. Мәселен, ұсақ жарылулар, басқалары бар, тозығы жетке көшені жөндемесең, екі жылдан кейін ол жерде шұңқыр пайда болады. Жол бұзыла бастайды. Қыстың күні жарылған жол жол-көлік оқиғасына алып келеді. Адам шығын болады. Соны болдырмау үшін алдын-ала диагностика жасаудың маңызы зор. Қаладағы жолдарға диагностика жасау енді енгізіледі. Бұл жұмыстардың басталуы қаражатқа байланысты. Мемлекет басшысы Жолдауынан кейін жаңадан Көлік министрлігі құрылды. Бұл да дер кезінде жасалған шешім деп ойлаймын. Енді министрлік тарапынан сапаға көңіл бөлу, қадағалау күшейеді. Бұл біздің жұмысымызға зор серпін берді. Үшінші мегаполис қалада жолдардың сапасы жоғары болуы керек. Қалада жол инфрақұрылымын дамытуда құрылыс жұмыстары қарқынды. Ендігі ретте жолдардың сапасын бақылау басты назарда тұр.
Jsk ақпарат орталығы