Қараша айының 12 күні жасанды интеллект және YouTube тақырыбы бойынша керемет семинар-тренингке қатысып, шетелдік БАҚ өкілдерінің құнды ақыл-кеңестерін алдық. Бір қуантарлығы дәстүрлі журналистика осындай семинар-тренингтер арқасында белес алып келеді. Естеріңізге сала өтейік IV Халықаралық медиа форум аясында “Жасанды интеллект” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жасанды интеллект туралы тренингте айтылған ойлар әріптестерімізге қатты әсер етті. Бұл технологияның мүмкіндіктері шексіз екенін тағы бір рет түсіндік. Мысалы, қазақ тіліндегі аудиоматериалдарды әлемнің кез келген тіліне аудару мүмкіндігі немесе қиялымыздағы фотоколлаждарды оңай жасау – осылардың бәрі жасанды интеллекттің күнделікті өмірімізге қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді. Тренинг барысында жасанды интеллекттің көптеген мүмкіндіктері туралы пленарлық сессиялар өтті, соның ішінде ChatGPT сияқты құралдардың ерекше екені түсіндірілді. Сонымен қатар Gamma, Adobe секілді жасанды интеллекттермен жұмыс істеуді жолға қойдық. Тренинг өте мазмұнды және пайдалы болды. Бұл үшін, ең алдымен Нәзия Жоямергенқызына алғысымызды білдіреміз🤍#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonusangazetecilervakfi
#turkicspeakingjournalists #халыкбанк #halykbank
#шеврон #chevron
#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #халықбанк #halykbank #шеврон #chevron