• 21 апреля, 2025 7:09 пп

Жүрек-қан тамыры 99 пайызға бітелген науқас аман қалды

Автор:admin

Апр 21, 2025

 

Шымкенттік дәрігерлер 59 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалды. Науқастың жүрек- қан тамырларының бірі 99 пайызға дейін тарылып кеткен. Бұл – инфаркт болу қаупі өте жоғары жағдай.
«Хадиша» клиникасында білікті кардиохирургтар науқасқа шұғыл түрде коронарография жасап, қан тамырларының зақымданған тұсына стент орнатты. Стент – тарылған қан тамырын кеңейтіп, жүрекке қанның қалыпты ағуын қамтамасыз етті.
Дәрігерлердің айтуынша, күрделі ота жергілікті жансыздандырумен жасалған. Науқас операция кезінде есін біліп жатқан. Қазіргі таңда жағдайы жақсы және дәрігерлерге алғысын білдіруде.
«Мұндай оталар қазіргі таңда елімізде кеңінен қолданылып, талай жанның өміріне араша болуда. Ең бастысы – бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында толықтай тегін көрсетіледі. Операция құны шамамен 2 миллион теңгені құрайды», – дейді клиниканың кардиохирург дәрігері Ұлан Бахтыбаев.
Дәрігерлер жүрек ауруларына немқұрайлы қарамауға, уақытылы тексерістен өтіп тұруға кеңес береді. Өйткені, дер кезінде анықталған диагноз – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент

Автор: admin