• 5 ноября, 2025 8:18 дп

Шымкенттік полиция дерегінше үй жағдайында есірткі өнімдерін еш қымсынбастан өсіріп жатқандардың да қатары арта бастаған. Тəртіп сақшылары кезекті бір операция барысында жеке тұрғын үйлер мен бау-бақшаларда заңсыз есірткі өсімдіктерін өсіру деректерін де əшкереледі. Тұрғындардың кейбірі үй жағдайында сора өсіріп, кептіріп сақтап отырған. Полицейлер мұндай əрекеттердің алдын алып, кінəлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға назар аударып отыр. Мəселен, Сайрам тұрғын үй алабының 39 жастағы тұрғынының үйінен 15 түп сора өсімдігі жəне жалпы көлемі 1 келі 733 грамм көкнəрдің кептірілген бөлігі табылды. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Полиция құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, сонымен қатар оларды жою шараларын қолданбау есірткі бизнесінің жандануына ықпал етіп, қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершілікке əкеп соқтыратынын алға тартады. Өйткені, есірткі – тек заңға ғана емес, адам тағдырына, отбасыға, тіпті тұтас ұлт болашағына төнген қауіп Бүгінде Шымкент қалалық Полиция департаменті қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жолында тың бастамалар көтеріп, нақты нəтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өткен жөн. Интернет-алаяқтықпен күресте егде жастағы азаматтарға бағытталған тікелей жұмыс форматы өз тиімділігін дəлелдесе, есірткі қылмысына қарсы «Қарасора–2025» аясындағы іс-шаралар да жүйелі түрде жалғасып, қылмыстық фактілерді дер кезінде анықтауға оң ықпалын тигізген. Заң мен тəртіп жолындағы бұл бастамалар қоғамды қауіпсіз, ал азаматтарды сақ əрі жауапты болуға шақырады. Өйткені, қауіпсіз қоғам – баршамыздың ортақ игілігіміз. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында шаһарымызда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның бірі тұрақты рейдттік шаралардың өтуі. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қоғамда қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Шынында заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі. Қазақстанда соңғы жылдары заң үстемдігі орнығып келе жатқанының айғағы ретінде құқықтық статистика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар санының 32 пайызға төмендегенін айтуға болады. Әділетті қоғамда заң теңдік пен тәртіптің кепілі болып табылады. Заңның сақталуы қоғамда жауапкершілікті әрбір азаматтың саналы түрде сезіне білуінен және оны мүлтіксіз орындауынан байқалады. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік барлық әлеуметтік қатынастардың заңмен реттелу көрсеткішімен айқындалады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin