• 25 ноября, 2024 11:37 пп

Инженерлік жүйелердің жоспарлары

Автор:admin

Май 11, 2022

 

 

2022 жылы шағын аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қалалық бюджеттен 154,5 млн.теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекемені анақтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Анықтама: 1.Құрсай ш/а Жаңақұрылыс (электр және газ);
2.Жұлдыз, Жалын е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
3.Қаратөбе е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
4.Қарабастау е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
5.Еламан, Сиреновая көшесі е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);
6.Тәуелсіздікке 20 жыл е/м Жаңақұрылыс (табиғи газ);

Сонымен қатар, жыл басынан қала әкімінің халықпен кездесуде елді мекендерді аралау барысында, берілген тапсырмаларына сәйкес, инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағын аудандарыды қамтамасыз ету үшін, жеке инвестиция есебінен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.
Анықтама: 1.Айқап ш/а (кәріз);
2.Ақжайық ш/а (кәріз)
3.Ынтымақ-2 ш/а (табиғи газ);
4.Асар-2 ш/а 2-кезек (ауыз су, газ, электр, кәріз);
5.Бозарық ш/а Жаңақұрылыс (ауыз су, газ, электр, кәріз);
6.Таскен ш/а Жаңақұрылыс (ауыз су, газ, электр, кәріз);
7.Сайрам т/а (ауыз су);

2022 жылдың қорытындысымен 13 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасының әзірленуін аяқтап, сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.
2023 жылдың бюджетін нақтылау барысына құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданады.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.

Автор: admin