• 15 марта, 2025 3:10 пп

«КІЛТ» АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Автор:admin

Мар 15, 2025

 

14-23 наурыз аралығындағы “Наурызнама” онкүндігіне сәйкес “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен сенбілік өтті.

Сенбілік жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданында орналасқан “Кілт” аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда қоқыстан тазарту, жолдың шеткі бөлігін сыпыру және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Аталған акцияға Әл-Фараби ауданы әкімдік аппараты, Шымкент қалалық экология департаменті, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасынан 150-ге жуық қызметкер, ардагерлер қатысты. 10 шақты техника жұмылдырылды.

Көгілдір көктем мен Наурыздың келуімен Жер ана да тазарып жатыр. Ұлттық мерекеге орайластырып ұйымдастырылған іс шарада “Кілт” аумағы тазарып, реттеле түсті.

Автор: admin