• 23 декабря, 2024 2:27 пп

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органдары тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған

Автор:admin

Авг 24, 2023

 

«Бизнес жол» жобасы аясында «Шымкент Цемент» ЖШС басшылығы жергілікті атқарушы органдары тарапынан орын алған әкімшілік кедергілер туралы шағым түсірді.

Кәсіпкер өз шағымында келісімшарт бойынша қосымша келісімге қол қойылмағандықтан шөгінді жыныстарды (әктастарды) өндіру бойынша кәсіпкерлік қызметін жалғастыра алмай жатқанын көрсеткен.

Қажетті құжаттардың толықтығына қарамастан, әкімдік қол қоюды 6 айға кешіктірген.

Кәсіпкерлік субъектісінің шағымынан кейін Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп құзыретті органдармен кеңес өткізді. Нәтижесінде, ЖШС мен әкімдік арасында қосымша келісімге қол қойылып, жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.

Автор: admin