• 21 ноября, 2024 8:39 дп

Латын қарпіне көшу үшін түбегейлі реформа қажет!

Автор:admin

Июн 13, 2022

Кезінде ұлт көсемі А.Байтұрсынұлы араб және латын жазуларын теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразының табан тірейтін нәрселері деп мыналарды көрсеткен екен:

1 – тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?

2 – қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?

3 – қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?

4 – қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы о да сонда)?

5 – үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?

6 – көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық? Міне, осы талаптарға сүйене келе, А.Байтұрсынұлының басымдықты араб жазуына бергені белгілі және ол сол кезеңдегі ең оңтайлы да дұрыс шешім болғаны анық. Мәселен, жақында ғана «Егемен Қазақстан» мақаласында жарық көрген «Қазақтың ұлттық кодының бірі – төл жазу» атты мақала авторлары (Ө.Айтпайұлы, Е.Қажыбек, Ә.Жүнісбек): «Ахаң тапқан жазу қисыны әліпби таңдамайды, өзімізге белгілі кез келген әліпбиді Ахаң қисынына салып, қазақ тіліне пайдалана беруге болады. Сондықтан, біз тілтанымға (лингвистикаға) «Байтұрсынұлы қисыны» немесе орысша айтсақ «эффект Байтурсынова» деген дәйектемемен енгізіп отырмыз. Ахаңның жазу қисынын кезінде атақты орыс ғалымдары математикалық формулаға салып, әлемдегі ең озық және ең ықшам әліпби деп бағалағанын», – көрсетіпті . Арада бір ғасырдай уақыт өткенде, қазақ жазуы – тағы да таңдау үсінде. Енді таразының екі басында – орыс алфавиті мен латын алфавиті. Жоғарыда көрсетілген өлшемдер тұрғысынан келгенде, қайсысының тиімділігі басым деген сұрақ әркімді де мазалайды. Бұл бағытта елімізге танымал ғалымдардың пікіріне жүгінсек, тұтас түркі еліне елеулі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері М.Мырзахметұлы латын жазуына көшудің бес артықшылығын көрсетеді: «1-ден, қазақ тілі табиғи қалыпқа түсіп, жасандылыққа ұрынған артикуляциялық базасынан арылып, табиғи қалпына түсер еді; 2-ден, әріп сандары 42 әріптен 28-34-ке дейін қысқарып, жазу сыйымдылығы артып, машинкаға да, компьютерге де сыйымды болар еді. Интернетке де кедергісіз шығар едік; 3-ден, латын жазуына өтуге біздің тәжірибеміз де бар. Қазіргі аға ұрпақтың бәрі де латын жазуын қиналмай оқи береді. Ал жастар болса шет тілдерін оқығандықтан, латын әрпімен таныс болғандықтан, тез меңгеріп кетеді; 4-ден, біз латын әрпін біркелкі ортақ таңбамен алсақ, түрік халықтары бірін-бірі оқи алатын мүмкіндікке келеді; 5-ден, ең бастысы – санамызға күнде әсер етіп отырған кеңестік идеология мен дүниетанымның тұтқынынан босаймыз».Академик Ә.Қайдар «латын әліпбиіне көшу – өмір талабы, болашағы жарқын өркениетті ел болудың алғышарттарының бірі», – деп бағалап, латын әліпбиіне көшудің төмендегідей басымдықтарын көрсетеді: кирил¬лицаның славян жазуы екені белгілі. Дегенмен, оны әлемдегі славян халықтарының бәрі бірдей қолдана бермейді. Бүгінгі күнде Еуропадағы көптеген славян мемлекеттері іс-қағаздарын латын жазуымен жүр¬гізеді. Осы тұста бір мәселе, славян текті халықтардың арасында рухани тұтастықтың да шамалы екенін естен шығармау керек. Қысқасы, кириллицаның да белгілі бір дәрежеде кемшілігі шаш-етектен. Бұл – мәселенің бір жағы. Екіншіден, жоғарыда атаған жәйттерге қоса кириллица жыл алға озған сайын өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқа¬ра алмауда. Қазіргі кезде Ресей ғалымдары арасында да жаһан¬данумен байланысты бір кездері орыс әліпбиінің де латын қарпіне көшу ықтималдығы туралы сөз бола бастады. Үшіншіден, бүгінгі түркі халықтары қолданып жүрген кирилл жазуында айырмашылықтар өте көп. Себебі, кезінде бұл жазудың біздерге тек қаріптік белгілері, таңбалануы ғана ұсынылды.

Jsk ақпарат

Автор: admin