Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Азатбек: Менің пікірімше, көшудің артықшылықтары да бар.Артықшылықтары туралы айтсақ, бұл – заман талабы. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ал жер бетіндегі халықтың көбі латын әліпбиін қолданады. Бәріміз интернетті пайдаланғанда да бұл мәселемен кездесеміз. Төл әріптері бар қазақ әліпбиі жиі оқылмайды. Соған байланысты қиыншылықтар да пайда болады. Сондықтан латын әліпбиі бұл жерде пайдалы болады деп ойлаймын.
Жансерік: Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық деңгейге көтерілуіне жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсам, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар.Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең.Екіншіден,статистикаға жүгінетін болсақ, бүгінгі таңда кириллица жазуын дүние жүзінде 12 мемлекет ғана пайдаланады екен.Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиін қолданысқа енгізген. Түбі бір түркі әлемі де негізінен латын әліпбиін қолданатындығы белгілі.
Інжу:Латын әліпбиі XX ғасырда 10 жылдай уақыт қолданыста болды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылып үлгерген едік. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, дамыған елдердің қатарына ілесе алмайтынымыз айдан анық. Себебі, латын әліпбиі дүние жүзіндегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына жүрегі «мен-қазақ» деп соққан әрбір азамат үлес қосады деп ойлаймын.
2.Латын әліпбиін үйренудің жолдары қандай?Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады? Қызжібек: Менің пікірімше,қазіргі кезде мектеп оқушылары үшін, жастар үшін латын әліпбиін үйрену қиындық тудырмайды. Біз мектепте ағылшын тілін оқығандықтан латын әріптерін жақсы білеміз. Себебі, латын қарпі мен ағылшын тілінің әріптері өте ұқсас келетініне көз жеткізу қиын емес.Қазіpдің өзінде жастаp ұялы телефонмен байланыс кезінде біp-біpіне осы латын әpіптеpімен хабаpлама жібеpеді. Айналадағы түpлі мекемелеpдің, банктеpдің маңдайшаларында латын әpіптеpімен жазылған сөздеpді баpлығымыз да жатсынбай оқып, түсініп жүpміз. Сонымен қатар, тұрмыстық техника құралдарын алатын болсақ LG, Samsung, Panasonic, Sony тағы басқаларының барлығының аты латын графикасымен жазылған. Осының бәріне көзіміз де, ойымыз да үйренген тәрізді. Жансерік: Ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға.
Алысқа бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып- ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда көбісінің аты- жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары да солай. Сонымен қатар, қазіргі еңбектеніп жатқан егде жастағы қызметкерлердің көбі кезінде мектепте болсын, ЖОО оқыған шағында ағылшын, француз немесе неміс тілі бойынша қарапайым білім иеленді, сондықтан оларға да латын әріпіне көшуге қиындық туғызбайды.
Jsk ақпарат