Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. Шымкент қаласындағы ауызсуды кестемен ішіп отырған үш елдімекеннің мәселесі шешілетін болды. Қала әкімдігінің қызметкерлері ауыз су құбырлары тартылып жатқан нысандар құрылысын аралау барысында Сайрам тұрғын алабына тоқталды. Мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Әкімдік атқарылған жұмыстарға шолу жасап, әрі қарайғы құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырды. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. Сондықтан Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен түгел қамту мақсатында қазір 6 нысанда су құбырын тарту жұмыстары іске асып жатыр. Олар Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы құбырлар. Соның ішінде Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау- сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3- кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-гі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір мердігер мекеме “Мелиоратор” ЖШС-гі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі және нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін жетеді. Жақсы тұрмыстың өлшемі көп. Алайда халық үшін зәулім үй, жайлы төсек, қымбат көлік, сәнді киімнен бұрын шаңырағында тіршілікке қажетті қарапайым игіліктердің болғаны маңыздырақ. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – ауызсу. Ел тұрғындарын тіршілік көзімен толық қамтуды мемлекеттің негізгі міндеті деп межелеген Үкімет су құбырларын жөндеу жұмысы мен жаңа желілердің құрылысына айрықша көңіл бөлуде.
Jsk ақпарат