• 25 ноября, 2024 9:28 дп

 Мемлекеттік бюджеттің маңыздылығы мен тиімділігі

Автор:admin

Июл 2, 2024

Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың  жиынтығы. Түркістан облысында мемлекеттік бюджеттің нақты орындалуы басты шарттардың бірі болып саналады. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер  арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.  Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады. Бюджет-   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді. Бюджет, осымен қатар, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң, шаруашылық конъюктураға ықпал етудiң, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады. Бүгiнгi мемлекеттердiң бюджеттерi олардың көпсалалы қызметтерiн бейнелейтiн күрделi құжат деуге болады. Ол – мемлекеттiк шығындардың және оларды өтейтiн қаржы көздерiнiң жылдық жоспары. Бюджеттiң жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдiң, штаттың парламентiнде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin