• 25 сентября, 2024 11:21 дп

Мемлекеттік бюджет- экономикамыздың тетігі

Автор:admin

Июл 10, 2024

Түркістан облысында мемлекеттік салықты – әлеуметтік-экономикалық тұрғы негізінде сипаттай отырып, бұл құралды рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжаты арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады. Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болада. Бюджеттік механизм- ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекет бюджет, экономиканы басқаруда әлеуметтік-экономикалық дамудыңмаңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлықресурстар түрлерін тиімді пайдалануда зор рөл атқарады. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының – бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.  Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады. Бюджет механизмі (тетіктері)–мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin