• 19 сентября, 2024 12:44 пп

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі 

Автор:admin

Авг 28, 2024

Өтпелі   экономика   жағдайында   меншік   қатынастары   түрлі   өзгерістерге   ұшырайды.   Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесімен байланысты.  Мемлекет   қармағынан   алу   –   мемлекеттік   меншікті   өзгертуге   байланысты   мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы  Мемлекет  қарамағынан  алу – мемлекеттік  меншікті өзгертуге байланысты  мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Мемлекет армағынан алу   монополизмді   жеңуге,   бәсекелестік   пен   кәсіпкерлікті   дамытуға   бағытталған.   Ол   мына бағыттар бойынша жүреді: 1. Иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу; 2. Шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау; 3. Жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендру тығыз байланысты. Жекешелендіру  меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні – меншікті   жеке   және   заңды   тұлғалардың   жеке   меншігіне   беруде.   Мемлекеттік   және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру: ­азаматтар   мен   акционерлік   қоғамдардың   мемлекеттен   және   жергілікті   биілік органдарынан; ­кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін; ­кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін; ­акционерлік қоғамдардың капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар); ­жекешелендірілетін   кәсіпорындардың   басқа   кәсіпорындар   капиталындағы   үлестерін меншікке алуын білдіреді;. Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қармағынан алу және жекешелендіру процесін   4   кезеңге   бөліп   қарауға   болады;   олардың   әрқайсысының   өз   мақсатары   бар.   Бұл процстердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа –тұс келеді. 1­кезең 1991­1992 жылдар  аралығын қамтиды.  Бұл кезеңдегі жекешелендіру  процесінің негізгі бағыты­ мемлекеттік орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалау болды.  2­кезең 1993­1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993­1995 жыдардағы   мемлекет   қарамағынан   алу   мен   жекешелендірудің   Ұлттық   Бағдарламасына   » сәйкес жүзеге асырылады. 3­кезең Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1996­1998 жыдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1996 жылығы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы   1996­1998   жылдарға   арналған   жекешелендіру   мен   қайта   құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. 4­кезең 1999­2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 1999 жылғы   1   маусымдағы№683   қаулысымен   бекітілген   «1999­2000   жылдарға   арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына » сәйкес жүзеге асырылды.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin