• 8 сентября, 2024 12:19 дп

Мемлекеттік сатып алудағы – жаңа өзгерістер жайында не білеміз?

Автор:admin

Июл 26, 2024

Біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің ішіндегі ең кең тарағаң конкурстық міндеттемелер және оның таралу аясы соңғы жылдары күрт өсуде. Конкурстық міндеттемелерге және кодекстің ерекше бөліміндегі 46 тарау толығымен арналған. Аталған баптардың нормаларымен сыйақы беруге көпшілік алдында уәле беруден туындайдын конкурстық міндеттемелер және саудаластық негізінде туындайтын міндеттемелер реттеледі. Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастыру және өткізу рәсімі –  әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік  сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені. Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушы – мемлекеттік  сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды  тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше. Жалпы конкурстық міндеттеменің  түсінігі ҚР азаматтық кодексінің 910-бабы 2-тармағында көсрсетілген. Конкурстық міндеттемеде оның бастамшысы конкурстың өзі айқындаған нысанасы мен бастапқы шарттарының негізінде тұлғлардың белгісіз немесе белгілі бір адамдар тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және онымен конкурстық міндеттемелдің мазмұнына сәйкес шарт жасасуға міндеттенеді. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Мемлекеттік сатып алу  жүйесі – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік сатып алу  жүйесінің субъектілері – мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin