• 25 ноября, 2024 1:47 пп

Мемлекеттік қаржылық бақылау

Автор:admin

Апр 12, 2024

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген мемлекеттік қаржылық бақылау органдардың құзыреттерінің біразы бірін – бірі қайталайды , яғни бір объектіде үш бақылау органының: облыстың тексеру комиссиясы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органы және ішкі бақылау қызметтері мамандары бақылау іс-шараларын жүргізуге құқылы. Мысалы, Бюджет кодексінің 141, 142, 143, 144 баптарындағы «бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізудің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру»,- деген тармақ төрт мемлекеттік бақылау органының құзыретінде бар[2, 142-144 бап]. Бұдан да басқа құзіреттердің қайталанулары кездеседі. Мемлекеттік бақылау органдары өндірістік немесе қызмет көрсету органы еместігіне байланысты олардың жұмыстарында сұраныстың және бәсекелестіктің қажеттілігі туындамайды. Сондықтан бақылау жүйесінің тиісті басқару және өкілетті органдардың деңгейіне сәйкес құрылып, олардың сандарын көбейту шараларын құптарлық әрекетке жатқызуға болмайды. Олардың жұмысының негізгі мақсаты бақылау объектілерінде қаржылық бұзушылықтарды анықтау, жою және болғызбау. Осыған байланысты мемлекеттік қаржы бақылау органдарының санын азайтып, бақылау іс-шараларының сапалы да нәтижелі жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Жергілікті немесе республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын органдардың қай жағынан болғанда дербес және тәуелсіз болуы шарт. Қаржылық бақылау органдарының ешқандай жергілікті басқару және өкілетті органдарының ықпалында болмауын қамтамасыз ету қажет. Себебі бюджет қаражаттарын бөлуді оны бекітуді және олардың жұмсалуын бақылауды бір органның құзіретіне беруге болмайды. Мемлекеттік қаржылық бақылау органы тек өз құзыреттерін дұрыс орындауда құқық қорғау органдарының алдында жауапты және Үкімет пен Парламенттің алдында есеп беретін орган болуы тиіс. Сонда ғана қаржылық бақылаудың нәтижелі болуын және бүгінгі күннің тәртібінде тұрған сыбайластық пен жемқорлықпен күресу іс-шараларын өз дәрежесінде жүргізілуін қамтамасыз етуге толық мүмкіндіктер туындайды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin