• 21 ноября, 2024 4:37 пп

Мемлекеттiк бюджеттiң шығындарының құрылымы

Автор:admin

Июл 1, 2024

Түркістан облысының мемлекеттік бюджетінің шығындары негізінен республикалық және жергідікті бюджет есебінен жабылады. Осындай ықпал экономиканың салалық және аймақтық құрамына, әлем нарықтарында ұлттық бәсекелестiктiң қабiлетiне жасалады. Мемлекеттiк бюджеттiң идеалдық орындалуы – табыстардың шығындардан артылуы немесе шығындардың табыстармен толық өтелуi және қаржылардың қалдығының болуы. Қалған қаражаттарды мемлекет болжамсыз жағдайлар туғанда, ұзақ мерзiмдi төлемдер жасауға немесе келесi жылдың бюджеттiк табыстарына айналдыру үшiн қолдана алады. Шығындардың табыстардан артып кетуiiшкi және сыртқы мемлекеттiк заемдармен өтелетiн бюджеттiк тапшылықты тудырады. Мемлекеттiк заемдар мемлекеттiк құнды қағаздарды сату, бюджеттен тыс қорлардан заем алу және банктерден несие алу арқылы қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк заемдар бюджет тапшылығын өтеудiң жалғыз ғана жолы емес.нарық экономикасы дамыған елдерде бюджет тапшылығын өтеу үшiн ақшаның қосымша эмиссиыся қолданылады. Осы құралды үкiметтер әсiресе ерекше ситуацияларда, соғыс жағдайларында, ұзақ мерзiмге созылған дағдарыс кезiнде қолданылады. Мұндай эмиссияның салдары баршаға мәлiм. Бақылауға келмейтiн инфляция дамиды, ұзақ мерзiмдi инвестицияның стимулы жойылады, “баға-жалақы” спиралi жанданады, тұрғындардың жинақтары құнсызданады. Мемлекеттiң жаңа заемдарының арқасында қарыз капиталдары нарығында несиеге сұраныстың өсуi, несиелiк қымбаттауға, есепке алу ставкасының өсуiне әкелiп соғады. Бюджеттің, әлеуметтік-экономикалық мәнімен ,мазмұны және рөлімен бірге  бюджеттің экономикалық рөлін камтуында. Тақырып бойынша өзекті мәселе ҚР ның бюджет жүйесінің экономикасын анықтау, егеменді еліміздің республикалық бюджеті мен жергілікті бюджетінің айырмашылығын және жыл сайынғы кірісі мен шығысын анықтай білуіміз керек. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де, көп қырлы құжат. . Сондықтан да алынған дипломдық жұмыс тақырыбым өзекті болып саналады. Берілген тақырып тек теориялық зерттеу үшін ғана  емес, сонымен қатар тәжірибелік жұмыс үшін де қызықты.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin