• 26 ноября, 2024 2:43 дп

Мемлекетіміз — отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүйелеуде

Автор:admin

Авг 16, 2024

Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына қосыла отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша белсенді қадамдар жасауда. Алдын алу және құқыққа қарсы оқиғаларға барабар ден қою арасында тиімді теңгерімді табуға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, барлық жағдайларда отбасын сақтау, отбасылық байланыстар мен құндылықтарды нығайту мүмкіндігі ескеріледі. Оңтайлы тепе-теңдік ешбір елде табылмағанын атап өткен жөн. Қазақстандық қоғамда жауапкершілікті қатаңдату мәселелеріне қатысты ғылыми пікірталас осы күнге дейін жалғасуда. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасына сәйкес Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы ғылыми-практикалық зерттеу жүргізілді. Жұмысқа тиісті ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына енген қазақстандық белгілі ғалымдар мен практик-заңгерлер, Мемлекет басшысының атына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту қажеттігі туралы өтініш берген белседі азаматтар (Р.Ошақбаев, С.Ақылбай, С.Тұрсынбекова, Л. Аренова, Н. Ерғалиева, Ж. Ильичева, Д. Сатжан, Ш. Али, Ж. Ахметова және басқалары), сондай-ақ Ресей, Украина, Өзбекстанның жетекші мамандары қатысты. Зерттеу барысында халықаралық тәжірибе, оның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу бөлігінде БҰҰ бекіткен адам құқықтары саласындағы индикаторларға қол жеткізу тәжірибесі зерделенді. Ағымдағы жылғы 4 маусымда Академияда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 17 қыркүйекте – Бас прокуратура жанындағы ҚР ҚК-і және ҚПК-ін қолдану практикасын мониторингілеу және қорыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді. Зерттеу қорытындылары Қауіпсіздік Кеңесі мен Президент Әкімшілігінің жедел жиналыстарында (а.ж. 1 және 8 қазанда) талқыланып, оң бағаланды. Авторлар қазіргі кезеңде денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстандырудың қажеттілігі жоқ деген негізгі қорытындыға келді (ҚР ӘҚБтК-нің 73-1, 73-2-баптары). Бірінші. Қылмыстық құқық және қылмыстық саясат теориясы оның негізгі принциптері болып табылатын барлық әрекеттер үшін ортақ бірқатар міндетті критерийлер мен оларды қылмыстандырудың негізгі шарттарын анықтайды. Ұсынылған инновацияларды бағалауда, егер қылмыстық-құқықтық құралдардан тыс тиімді қарсы тұру мүмкін болса, онда қылмыстандыру жүргізілмеуі керек екендігін атап өту маңызды. Сонымен қатар, қылмыстандырудан күтілетін оң нәтижелер оның теріс салдарларынан асып түсуі шарт.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin