2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады.
Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді.
2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңгеқарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млнадам.
📈Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% — ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:
— 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 233 мыңтеңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;
— мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты;
— I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін, II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін, III топ – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті.