• 16 апреля, 2025 1:31 пп

Мемлекет басшысының тапсырмалары мемлекеттік бақылауда

Автор:admin

Апр 16, 2025

Президенттің Қазақстан халқына үстіміздегі жылғы Жолдауының ерекшелігі таяу он­жылдықтағы еліміз дамуының стратегиясы ай­қын­далғандығында болып отыр. Ол Қазақ­стан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады, ал оның бірінші кезеңін біз аяқтадық. Мемлекет басшысының жүйелі де терең ойластырылған саясаты арқа­сын­да Қазақстан экономикада зор та­быстарға қол жеткізіп, әлем­дік дағда­рыс кезеңінде өзінің тұрлаулы­лы­ғын көрсетті. Өткен онжылдықта макро­экономикалық сипаттағы міндеттер шешілді: нарықтық экономиканың заңнамалық базасы жасалып, айтарлықтай шетелдік инвестициялар тартылды, Ұлттық қор және даму институттары қалыптасып, осы заманғы қаржы және бюджет жүйесі құрылды. Бәсекеге қабілетті және сұранысы мол шикізат салаларын дамытуға екпін түсірілетін стратегияны дұрыс таңдау біздің мемлекетімізді экономикалық даму қарқыны жағынан еуразиялық кеңістікте көшбасшылыққа шығарды. Қазір еліміздің алдында индустриялық-инновациялық экономиканы дамыту, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекетінің қатарына ену жөніндегі мүлдем жаңа, әлде­қайда ауқымды міндеттер тұр. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысының барлық кесімдері мен тапсырмаларының орын­далуына қатал мемлекеттік бақылауды ұйым­дастыру. Үстіміздегі жылы бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде үлкен кешенді жұмыс жүргізілді

Автор: admin