• 7 сентября, 2025 12:14 пп

Мемлекет саясаты үшін Орталық сайлау комиссиясының атқаратын қызметі жоғары.

Автор:admin

Авг 16, 2025

Ол сайлау процесстерін насихаттау, жүргізу және қорытындысын шығарумен айналысады. Қазақстанда Оталық сайлау комиисясы барлық сайлау науқанының негізгі органы десек те болад. Ол президент, парламент сайлауларын, референдумды өткізуге қатысуда. Байқаушылар мен бақылаушылардың қызметін үйлестіріп, рұқсатнама беруді де іске асырады. ОСК Тоқаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы  құжаттарды қабылдады. Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясы тәуелсіздікті алған сәттен кейін қалыптаса бастады. Алғаш рет 1993 жылы Жоғары Кеңестің қаулысы бойынша аталмыш комиссия жасақталды. Ал 1995 жылы жаңа конституция қабылданып, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңы» негізінде үлкен өкілеттіліктерге ие бола бастады. Жалпы мемлекеттік деңгейдегі сайлау науқандарын қадағалайтын органға айналды. Яғни, Қазақстанның тәуелсіз ел болып даму барысында Орталық сайлау комиссиясы да қатар жүріп, сол бағытпен келе жатыр деген сөз. Мемлекетте легитимді билік институттарының қалыптасуына орасан зор үлес қосты және ол жұмысты жалғастыруда. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлау процестерін ашық ету және шынайы бәсекелестік жасау мақсатында аталмыш салада ұдайы реформа жасалу керектігін айтқан болатын. Бұл елімізде атқарылуы тиіс саяси реформалардың бір бөлшегі саналады. Сайлау науқанына қатысты үлкен өзгерістер болды. Мысалы президенттік мерзім бір мезгіл ғана және бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылды. Конституция бір президенттің ұзақ отыруына тыйым салды. Сонымен бірге мажоритарлық және пропорциональды сайлау жүйесі қатар қолданылатын аралас сайлау жүйесі қалыптасты. Ол Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлауда қолданылып, көпшілік тарапынан қолдауға ие болды. Сонымен бірге сайлау науқанына қандай да бір күштердің араласуына қатаң тыйым салынатын ережелер енгізілді. Орталық сайлау комиссиясы өзге елдермен қарым-қатынасын ұдайы дамытумен келеді. Ғылыми техниканың дамуы сайлау науқанына ұдайы өзгерістер енгізуді талап етеді. Бейнеақылау, дауысты онлайн форматта санау және басқа технологияларды енгізу әлем елдерінде кең етек жайып, дамуда. Қазақстан да бұл үрдістерден қалуға ниетті емес. Қазіргі сәтте Орталық сайлау комиссиясы жыл сайын өзге елдермен байланысын арттырып, меморандумдар жасасуда. Солардың ішінде соңғы уақытта екіжақты меморандум жасасқан Өзбекстан, Иордания, Оңтүстік Корея, Армения, Түркияны айтсақ болады. Халықаралық құқықтық органдармен де байланыс артуда. Олардың ішінде сайлау науқандарын бақылайтын ЕҚЫҰ басты міндетті атқарады. 2008 жылдан бері Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы және ЕҚЫҰ арасында әріптестік аясында арнайы оқыту курстары іске асып келеді. Курстар Алматы, Астана қалаларында жүргізіліп, оған ОСК мүшелері ғана емес, бақылаушы ұйымдар да, көрші мемлекеттің өкілдері де қатысуда. Бұл сайлау үрдісін дамытуға өз септігін тигізеді. ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды дамытуға қатысты бастамаларды оң бағалайтынын айтты. Оның ішінде партияларды тіркеуге қатысты жеңілдіктердің пайда болғаны құп алынды. Мысалы ендігі таңда партияларды тіркеу үшін жиырма мың қол емес, бес мың қол жинақтау жеткілікті. Сонымен бірге Мәжіліске партияларды апару үшін жеті пайыз емес, бес пайыз жеткілікті болуда. Бұл сайлау науқанында партиялардың жаппай саяси белсенділікті арттыруына себепкер болды және оның нәтижесін соңғы сайлаудан көре аламыз. Соңғы сайлауда еліміздің парламентіне алты партия жайғасты, бұл жоғарыда жазған өзгерістердің арқасында мүмкін болды. Қазіргі уақытта онлайн дауыс беруді қарастыру қажет деген ұсыныс жасалуда. Бұл заман талабы дейді кей сарапшылар. Себебі әр адамның қолында смартфон бар және камера арқылы ID таныстырылымнан өткен соң, артынша ЖСН арқылы дауыс беру мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтуда. Бұл дауыс беруді жылдам етіп, дауыс санауды оңай етуге тиімді әдіс дегенді айтумен келеді. Алайда оның өз тәуекелдері де бар дейді мамандар. Ең алдымен бұл жоғары интернетті және барлық азаматта смартфон болуды қажет етеді. Қазақстанның кей шалғай ауылында жоғары интернет мәселесі әлі толық шешімін таппады, сәйкесінше аталмыш нұсқаны барлық аймақта толық өткізу қиындығы туындайды. Бұл бір. Екіншіден онлайн дауыс беру сайлауға түсуші тараптар арасында және үшінші күштер қатысуымен онлайн платформаның нәтижесін өзгерту немесе жұмысын тоқтатуға қатысты түрлі кибершабуылдарға ұласуы ықтимал дейді сарапшы мамандар. Соңғы екі жылда Қазақстан тарихындағы ең көп саяси науқандар іске асты. Оның басым бөлігі сайлаумен тікелей байланысты. Оның ішінде Конституцияны өзгертуге қатысты рефередум, президенттік сайлау, Парламент депутаттарын сайлау, ауыл және аудан әкімдерін сайлау бар. Сонымен бірге алдағы күзде бізді АЭС мәселесі бойынша тағы бір референдум күтіп тұр. Дәл осындай ызу-қызу сайлау процесі Қазақстан тарихында бұрын-соңды болған емес. 2023 жылы пилоттық жоба ретінде 42 аудан әкімі мен үш ірі қаланың әкімін тікелей сайлау процесі өтті. Ол Курчатов, Приозерск және Рудный қалалары. Аталмыш әрекет ауылдық және аудандық аймақтағы саяси белсенділікке әсер етіп, сайлау науқаны динамикаға толы бола бастады. Яғни, сайлауда тек қалалық аймақта ғана бақылаушылар саны көп болса, ендігі таңда бақылаушылар институты ауылдық аймақтарда да пайда болып келеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin