🔸Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «Менің шуақты қалам!» атты сурет салу байқауы өткізілді.
🔸Байқаудың басты мақсаты-талантты, өнерлі балаларға қолдау көрсету, қылқалам өнерін насихаттау, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
🔸Байқау ережесіне сәйкес балалар асфальтта, моьбертте сурет салудан сынға түсті.
🔸Нәтижесінде барлық байқауға қатысушылар мен тәрбиешілерді аудан әкімі орынбасары — БЕКНАЗАРОВ Ерлан Нұрланұлы құттықтап, аудан әкімі атынан арнайы алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
🔸Еске сала кетейік, іс-шараға «Үш бұлақ» жазғы демалыс лагерінің қатысушылары қалалық білім басқармасының #4 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қорғау орталығы тәрбиеленушілері белсенді қатысты.
🔸Балаларға іс-шара барысында арнайы аниматорлар тарапынан ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.