• 18 июля, 2025 3:22 пп

Металлургтар мерекесі хақында …

Автор:admin

Июл 18, 2025

Бүгінгі таңда металлургия Қазақстанның жетекші және перспективалы салаларының бірі болып табылады. Шілденің әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда еңбегі металл өндірумен байланысты адамдар: болат жасаушылар, құюшылар, доменшілер, темір ұсталары, қалыптаушылар, прокатшылар және басқалар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы және басқа да көптеген мамандықтарды металлургия біріктіреді.

Мерекені тиісті бейіндегі ғылыми-зерттеу орталықтарында металлургия саласында жұмыс істейтін ғылыми сала өкілдері, кен өндіретін кеншілер, сондай-ақ металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің барлығы атап өтеді. Қазақстандағы Металлург күні республика Президентінің Жарлығымен 2003 жылы құрылды. Тарихи дәстүрлерге адал бола отырып, Қазақстан шілденің әрбір үшінші жексенбісінде металлургтердің кәсіби мерекесін мерекелеу күні ретінде сақтап қалды.

Автор: admin