• 23 ноября, 2024 3:26 дп

Министрлік сот шешіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді

Автор:admin

Дек 5, 2022

Олимпиада сыйақысы төңірегіндегі дау:
30 қараша күні Астана мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Мәдениет және спорт министрлігін Сурдлимпиада-2022 чемпионы Еркебұлан Қанафинге ақшалай сыйақы төлеуге міндеттеген. Бүгін министр Дәурен Абаев сот шешіміне қарсы шағым түсіретінін айтты, деп хабарлайды Jsk.kz ақпарат агенттігі.

Министр жарыстарда жеңіске жеткені үшін сыйақы төлеу Қазақстан заңнамасымен және арнайы нормативтік актілермен реттелетін түсіндірген.

«Бар мәселе Еркебұлан Қанафинді көтермелеу осы ережелерге қайшы келетінінде. Неге? Өйткені Еркебұлан Қанафин дзюдодан сурдолимпиададан ұлттық құраманың мүшесі болған емес. Ұлттық құрама сапында ол ұлттық допингке қарсы орталықта оқу-жаттығу жиындарынан да, медициналық тексеруден де, допинг-бақылаудан да өткен жоқ», — деп жазды Абаев өзінің Facebook парақшасында.

Сонымен қоса ол Ұлттық сурдолимпиада комитетінің спортшыны ойындарға өз бетінше қосқанын жеткізген.

«Бұл — уәкілетті органның келісімінсіз барлық ережелерді айналып өту. Оның үстіне Еркебұлан Қанафинмен салыстырғанда барлық іріктеу жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарына қатысқан дзюдодан ұлттық құраманың есту қабілеті төмен мүшесі Түгелбаев Айдос жарыстан тыс қалып қойды.
Ал енді Еркебұлан Қанафин ойындарда жеңіске жеткеннен кейін министрліктің оған сыйақы төлеуге заңды құқығы жоқ. Себебі заңның өзінде төлемдердің тек ұлттық құрамалардың мүшелеріне төленетіні жазылған. Сот шешіміне түсініктеме бере алмаймыз, бірақ аппеляциялық шағым түсіреміз», — деп қосты министр.

Еске салайық, 4 мамырда Еркебұлан Қанафин дзюдодан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста жеңіске жеткен болатын. Осылайша ол ұлттық құрамаға алғашқы алтынды әкелген.

Алайда, кейін Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру комитеті «спортшының есту қабілетінің кемістігі жоқ» деген себеппен спортшыға ақшалай сыйақы төлеуден бас тартқан, даудың басы да осыдан басталған.

Еркебұлан елордалық соттың шешіміне пікір білдіріп, заң аясында беделін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Автор: admin