Қазақстанда жаңа жылдан бастап мобильді аударым бақылауға алынады
Қазақстанда салықшылар жаңа жылдан бастап мобильді аударымды да бақылайды, деп хабарлайды Jsk.Kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Егер айына бір шотқа жүзден астам аударым жасалса және осындай көрсеткіш үш ай қатарынан қайталанса, Мемлекет кірістері комитеті жеке тұлғадан салық талап етуге құқылы.
Әзірге бұл мемқызметкерлер мен олардың жұбайының шотына түскен ақшаға қатысты. Ал екінші кезеңге квазимемлекеттік сала қызметкерлері ілігеді. 2025 жылы үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бақыланса, 2026 жылдан бастап барлық қазақстандықтың ақшалай аударымы туралы мәлімет комитеттің қарауына түседі.
Дегенмен курьерлер мен такси жүргізушілері қазірден әрекетке көшкен. Олардың арасында тұрғындардан қолма-қол ақша талап етіп жүргені көп.