• 1 июля, 2025 5:58 пп

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

Автор:admin

Июл 1, 2025

 

27 маусымда Германияның Мюнхен қаласында Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара өтті. Оған Қазақстан Республикасының Германиядағы Бас консулдығының өкілдері, неміс туроператорлары мен туристік сала мамандары қатысты.

Іс-шара барысында Шымкент қаласының туристерге арналған қызметтері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға қала туралы бейнеролик көрсетіліп, туристерді қабылдауға арналған жағдайлар мен қызметтер жөніндегі материалдар ұсынылды. Бұл кездесу шетелдік туризм мамандарына Шымкентті жаңа бағыт ретінде таныстыруға мүмкіндік берді.

Автор: admin