• 21 ноября, 2024 7:27 пп

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет

Автор:admin

Фев 19, 2024

Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. Қазақстан Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан «Білімді ұлт» жобасының Шымкент қаласы бойынша мұғалімдерін көзі қырақты оқармандарымызға таныстырмақпыз. Бүгінгі кейіпкеріміз Д. А.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру және спорт бакалавры Наурызбаева Фариза Сапаровна. Ол Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы. Барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-қатынасында да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетін, адал да шынайы, өз ісіне жауапты ұстаздардың бірі. Бұл салада еңбек етіп жүргеніне 10 жылдың жүзі болды. Санаты –педагог модератор. Қазақстан Республикасының қол күрес спорт түрінен спорт шебері,. Президентік степендия иегері атанып үлгерген. Шәкірт бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, шығармашылық еңбек үстінде оған қанат бітіру, білімге шексіз құштарлық дәнін себу – ұстаз қызметінің тағлымды өлшемі, ізденіс нәтижесі. Ұстаздық дарын үздіксіз ізденіс көрігінде шындалса ғана, мәуелі табыс тезірек тұлғаланбақ, оқушы санасында ұстаз қалдырған із ұзақ сақталмақ.

Бүгінгі кейіпкеріміз өз саласында дене шынықтыру пәні бойынша оқушыларды денсаулығын күтуге, жақсартуға баулып, мектептің спорт жеңімпаздарын дайындауды тоқтатып көрген емес. Ол қолданатын әдістемелік нұсқа бойынша «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі. Бұл тәсіл оқушылармен етене араласып, ұстаз бен оқушы арасындағы рефлексияның жаңа бағыты бойынша жұмысты жүйелендіруге ықпал етпек.

Jsk ақпарат

Автор: admin