• 22 декабря, 2024 8:05 дп

Мәслихат төрағасы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Автор:admin

Мар 1, 2024

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов Шымкент қаласындағы облыстық мәслихаттың өкілдігінде Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымымен кездесті.

Кездесуге облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстықфилармония директорының міндетін атқарушыА.Өтегенова және осы мекемеде жұмыс жасайтын өңірімізге белгілі мәдениет саласының қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында облыстық филармония ұжымының өтініші бойынша оларды Шымкент қаласынан Түркістанқаласына көшіргенде арнайы ғимаратпен және пәтерлермен қамту мәселесі талқыланды.

Бұл ретте, мәдениет саласының қайраткерлері Түркістанда пәтер жалдап тұру ауырға соғатындықтарын жеткізе отырып, осы мәселені оңтайлы шешуді сұрады.

Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов облыстық филармония ұжымын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары әзірге тоқтатылып, алдағы уақытта пәтер және ғимарат мәселелері толыққанды шешілгеннен соң кезең-кезеңімен көшірілетіндіктерінжеткізді.

Сонымен қатар, бүгінде филармония ұжымын орналастыруға ғимарат және пәтер бөлу  мәселелерін шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

Өз кезегінде, филармония ұжымы пәтер мәселесі шешілгенге дейін Шымкент қаласында жұмыс жасау туралы шешіммен келісетіндіктерін жеткізді.

Айта кетсек, 60 жылдан астам тарихы бар облыстық филармония ұжымының штат саны247, оның 169-ы шығармашылық қызметкерлерболып табылады.

Автор: admin