• 20 сентября, 2024 4:09 дп

Нашақорлық – ең алдымен психикалық дерт.

Автор:admin

Авг 20, 2024

Жасыратыны жоқ, нашақорлыққа көбінесе жастар шалдығады, алайда бүгінгі күні ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Жастар арасындағы есірткіге әуестік көбінде білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне сенгіш келеді. Өздері жас болғандықтан, қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне үлкен адамның ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жан дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Нәтижесінде есірткіге организмнің тәуелділігі қалыптасады. Нашақорлықты алдын-алудың ең тиімді жолы – отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру. Отбасының іргесі берік болса, балалар мен жасөспірімдердің сыртқы ортаға алаңдаушылығы азаяды.Жүйелі емдеу шараларын жүргізу арқылы медициналық жолмен нашақорлыққа салынған науқасты толық емдеуге болады. Ол үшін науқастың жазылуға деген үлкен сенімі болуы тиіс. Ал, психолог мамандар науқастың ішкі күйімен жұмыс жүргізеді. Сондықтан, медициналық жолмен қатар науқасқа рухани қолдау беру арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Нашақорлықпен айналысатын адамдар мәжбүрлеп, кейде бақыланбайтын, өздерінің таңдаған препараттарына тәуелді. Әдетте, оларды пайдалану нәтижесінде теріс салдарға тап болғанына қарамастан, есірткі іздеуге және пайдалануға тырысады. Қазақстанда 300 мың нашақор ресми тіркелген. Бүгінде нашақорлық мәселесі еліміздің қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына қауіп төндіріп тұр. Көптеген дамыған елде құқықтық, медициналық, әлеуметтік, есірткіге тәуелділікке қарсы оңалтуды қамтамасыз ету және есірткіге қарсы күресті насихаттау жүйесі бар. Қазақстанда, өкінішке қарай, мұндай жүйенің жағдайы мәз емес. Қазір есірткіге тәуелділіктің өсуі, есірткі шегіп алып қылмыс жасаудың көбеюі алаңдатарлық мәселе болып отыр. Нашақорлық – адам өмірін жалмайтын қауіпті дерт. Онымен күресте барлығымыз бірге күш біріктіруіміз керек. Ата-аналарға айтарым,  балаларыңызбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыздар. Олардың қызығушылықтарымен санасып, үнемі тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысыңыздар. Себебі, өз отбасынан жылулық таппаған бала, сыртқы ортаның ықпалына тез бейімделгіш келеді.Жасөспірім шақ – адам өміріндегі ең маңызды шақ. Бұл кезеңді өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға, тұлғалық қалыптасуға арнау қажет. Салауатты сана қалыптасқан кезде ғана осындай дерттен сақтана алатынымыз анық.Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Ата-аналар және сіздер мен біздер, әрбір Қазақстан азаматы біріге күресуіміз керек.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin