• 25 ноября, 2024 12:23 дп

Негізгі бюджет тиімді жұмсалуы қажет

Автор:admin

Апр 16, 2024

Жуырда Қаржы министрі республикалық бюджеттің шығысы 12 трлн 503 млрд теңгені құрағанын, оның 15 млрд теңгесі үнемделіп, 122 млрд теңгесі игерілмей қалғанын айтты. Қаражатты игермеудің негізгі себебі конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерінің, төлем құжаттарын мақұлдау мерзімінің ұзаққа созылуы, атқарылған жұмыс актілерін ұсынбау болып жалғасып кете береді. Жыл сайын айтылып жүрген мәселені биыл да жасырып қалу мүмкін болмады: дағдарысқа қарсы жоспар және оның айқын мақсаттары жеткілікті қарапайым әрі түсінікті болатын. Өкінішке қарай, бірқатар аймақта қаржыны үнемдеуге арналған бастамалардың жалғасы жаңа жылдың атрибуттарына миллиондап қаржы бөлумен түйінделгенін ақпарат құралдары жазды. Бюджет игерілмей, қаржы оңды-солды жұмсалатын «желтоқсан синдромы» өткен жылы да байқалды. Кейбір өңірлерде ебедейсіз ескерткіштер орнатылып, кейбір лоттарда қарапайым қаламсап бағасы бастапқы құнынан қымбаттап кетті. Қысқасы, артық шығынға жол бермеу үшін ақшаны экономикаға бағыттаудың тетіктерін қарастыру керек. Талайдан бері айтылып келе жатқан ескертпе бұл жолы да қаперге алынбады. 2020 жылдың бюджетіне 39 түзету енгізілді. 3 түзету заң жобасының мәтініне, 36 түзету республикалық бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты болды. Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық қордан 4 трлн 770 млрд теңге алынып, кейбір бағыттарға жұмсалатын қаржы қысқарды. Әрине, бюджеттің әр тиынына дейін толық игеру мүмкін емес, бұл өте қиын шаруа. Алайда, дағдарыс кезінде бюджет қаржысын мейлінше игеру – басты міндет. 5-10 млрд емес, 122 млрд теңгенің игерілмей қалуы ақылға сыймайтын шындық.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin