«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкент қаласында болды. Ол Қазығұрт шағын ауданының тұрғындармен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Жиынға науқанның өту барысын бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары да қатысты. Мегаполис тұрғындарымен кездесу кезінде кандидат өзін ұсынған бірлестік туралы қысқаша айтып берді.
Кездесуде жергілікті халық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікіралмасы өтті. Айта кетейік, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.