• 3 декабря, 2024 5:40 пп

Ономастиканың қолданылу аясы қандай?!

Автор:admin

Авг 12, 2022

Еліміздің солтүстік аудандарында мағынасы көмескі болып келген, басқа тілдердегі атаулар өте көп. Қазіргі уақытта олардың ауыстырып, тарихи атауларын қайтаратын кезең келген сияқты. Бұл мәселе жан-жақты қарауды талап етеді. Ең бастысы қарапайым халық қиындық көрмеу мәселесі қаралады. Басқа тілдерден келген атауларды транслитерациялау қиынға соғу ықтималдылығы жоғары. Грек тілінен тікелей аударғанда “орын” және “атау” деген мағынаға сәйкес келетін топонимика ғылымы зерттейтін жер-су атаулары ежелден бері дала кеңістігін белгілеу мен есте сақтауда өте пайдалы болғаны сонша, атаулардың адамдар тілі мен мәдениетінде жер, аймақ иеленушілігін білдіру арқылы Жер шарындағы барлық дерлік қоғамдарда бірдей қолданылғаны дәлелді қажет етпейтін сияқты көрінеді Басында бұл ғылым саласының тек қана жағрапия ғылымымен байланысты екені рас болып көрінгенмен, тереңірек үңілген жанға бұл байланыстың жалғыз еместігі анық байқалады: топонимикалық зерттеудің толықтығы ғалымның лингвистика мен тарихтағы білімін де қажет етеді. Мысалы, топонимик ғалым жердің тарихы мен картасын өз зерттеуінде қолданумен шектелмей, жергілікті тұрғындардан атаулардың қолданысының аясын нақтылайды, айтылуын, ерекше мағынасына көңіл бөледі, шығу тегіне байланысты болып есептелетін әңгіме-аңыздарды қағазға түсіреді . Оған қоса, топонимикалық зерттеу дұрыс жасалған жағдайда сол аймақтың тарихында орын алған қауымдар мен халықтардың көшуінің, қоныстануының, және сауда жолдарының заңдылығын көбірек түсінуге көмектесе алады. Осы мәселені шешуге септігін тигізетін негізгі факторларды ономастика бойынша маман даярлау. және антропонимдер мен топонимдердің берілуін шешумен қатар жүргізілетін жұмыстардың бірі — ономастиканы оқыту. Жақында ғана «Туған жер» жобасы шеңберінде мектеп оқушыларына өлкетану пәні оқытылатындығын хабардар етті. Оқушыларға шыққан тегін, туған өлкенің тарихы мен дәстүрлерін біліп, зерттеуге және бүгіні мен келешегі туралы ой түйіндеуге мүмкіндік беретін бұл пән дер кезінде қолға алынып отыр. Жастардың туған жеріне деген махаббаты мен 15 патриотизмді қалыптастыруда бұл пәннің оқытудың маңызы зор. Ол пән міндетті түрде өлкенің атауынан басталатыны анық. Жаңартылған білім беру бағдарламасында да сыныптарда ономастика мәселелерін оқытатын бөлім кіргізіліп отыр.

Jsk ақпарат

Автор: admin