• 4 декабря, 2024 8:35 дп

Орду қаласында ерекше музей бар

Автор:admin

Авг 27, 2023

 

Орталық Қаратеңіздің туристік қаласы Орду. Мұнда Қаратеңіздің ең ұзын жағалауы бар.

Орду қаласы VIII ғасырда Котиора атауымен, Қара теңіздің жанында Милет колониясы ретінде құрылған. 1800 жылға дейін понти гректері мекен еткен кіші қала болады. 1877 жылы орыс-түрік соғысынан кейін қалаға Кавказдан және Грузиядан ауған босқын түріктер қоныстана бастайды. Қазіргі кезде қала тұрғындарын Кавказдан қоныс аударған этникалық түріктер, мұсылман армяндары (хемшил), мұсылман грузиндері (чвенебури), сонымен қатар этникалық гректердің ұрпақтары құрайды.

Ордудың керемет панорамасы көрінетін жер — Бозтепе. Ол жерге көлікпен жетуге де, қанатты жолмен де баруға да болады. Бозтепе Алматының Көктөбесіне ұқсайды.

Ал Гага көлінің табиғаты, ортасындағы шағын аралы және судың түбіндегі шіркеу қалдықтары бірден көзге түседі.

Сонымен қатар, Түркияда бірінші болып ашылған Кахраман Сагра жаңғақ мұражайы жұмыс істейді. Жергілікті халықтың қолдауымен жаңғақ шаруашылығында пайдаланылған заттар біріктіріліп, тарихи үй жаңғақ мұражайы ретінде пайдаланыла бастады.

Мұражайға келген қонақтарға жаңғақ отырғызудан өндіруге, жинаудан бастап өңдеуге және тасымалдауға дейінгі барысы түсіндіріліп, жаңғақтың қиын жолы материалдармен баяндалады. Келушілер бұл мұражайда әр кезеңді кезең-кезеңімен тамашалай алады.

Ақбота Мұсабек

Автор: admin