• 25 ноября, 2024 12:27 пп

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша кешенді жұмыстар атқарылды

Автор:admin

Июл 8, 2024

Шымкент қаласы – отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген тұрғындарға арнап, орталық ашқан болатын. Бұл орталық өзінің қызметіне сәйкес уақытша бейімдеу және құқықтық-психологиялық көмектер көөрсетеді. Азаматтар құқықтарының аса қауіпті бұзылуы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады және ҚР Қылмыстық кодексінің қолданылу аясына жататынын баршамыз білеміз. Бірақ отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешу кезінде, сот тәжірибесі көрсеткендей айыптау кезінде ҚР Қылмыстық кодексінің мынадай баптары жиі қолданылады: ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру), 107-бабы (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру), 110-бабы (қинау) және т.б. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық кісі өлтірумен аяқталатын жағдайлар да жиі кездеседі, мұндай жағдайларда Қылмыстық кодекстің 99- бабы (адам өлтіру) бойынша айыптау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекет деп құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер түсініледі. Аталған заңнамалардың барлығында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында болуы мүмкін адамдардың құқықтары және оны қорғау шаралары сипатталған. Бірақ, халықтың мемлекеттің заңдарын білмеуі және өзін қорғауға құлықсыздығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністері болып табылатын құқық бұзушылықтардың өркендеуіне қолайлы негіз болып табылады. Біздің елімізде гендерлік теңдікке қатысты негізгі әмбебап конвенциялар ратификацияланды. Олардың ішінде БҰҰ-ның «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы», «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенциялар бар, дегенмен, Қазақстанда және бүкіл әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әсеріне әйелдер мен балалар көп ұшырайды, нәтижесінде олардың психикасы бұзылып, өмірлік ұстанымдары өзгереді, көбісі қылмыстық жолға түседі2 . Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға 2009 жылдан бастап күшіне енген «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң ықпал етеді. Бұл заң құқық бұзушыға белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасын шығаруды көздейді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin