• 21 ноября, 2024 10:22 дп

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ТАҚЫРЫБЫНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 26, 2024

 

Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатқан Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. Бүгін Ашық есік күні Шымкент қалалық перинаталдық орталықта отбасын жоспарлау тақырыбында өтті. Таңғы сағат 9.00-ден басталып, 16.00-ге дейін өткен іс-шараға келушілердің қарасы аз болған жоқ.

Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау, жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты тақырыптарда кеңес береді.
Бүгінгі Ашық есік күніне қаладағы емханалардағы Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог, психолог дәрігерлері жастарға, қыз-келіншектерге медициналық-психологиялық кеңес берді. Олардың ішінде Шымкент қалалық №6 емхана дәрігерлері тұрғындарға кеңес беріп, медициналық тексеріс жасап, сауалдарына жауап берді. Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың репродуктолог-дәрігері Утемисова Ақмарал Нұржанқызы. Гинеколог Жанықұлова Гүлбану Мұхтарқызы отбасын жоспарлау бойынша, әйелдердегі кездесетін аурулардың алдын алу, дені сау баланы өмірге әкелу, репродкутивті денсаулық бойынша әңгіме жүргізіп, Ашық есік күніне қатысушыларды мазалаған сұрақтарына жауап беріп, қабылдау жүргізді.
Репродуктивті денсаулық апталығы 30 маусымға дейін жалғасады.

Автор: admin