«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін педагогтерді аттестаттаудан өткізу рәсімін жетілдіру жөнінде іс-шаралар қабылданатын болады. Осы мақсатта педагогикалық қоғам өкілдері мен сарапшылар қатарынан жұмыс тобы құрылды», — деп атап өтеді Премьер-Министр жауабында.
Оның айтуынша, жұмыс нәтижелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
«Бұл ретте, аттестаттау процесінің шынайылығын, ашықтығын қамтамасыз ету үшін педагогтердің портфолиосын қарау әртүрлі ақпараттық жүйелерден деректер автоматты түрде қалыптастырылатын бірыңғай электрондық платформада жүзеге асырылатын болады. Аттестаттаудың әрбір келесі кезеңіне жіберу де автоматты түрде жүзеге асырылатын», — деді Әлихан Смайылов.