• 22 сентября, 2024 2:37 дп

Полиция және қазақстандық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы

Автор:admin

Май 9, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Әсіресе, жас ұрпақ жасанды идеялар мен «жалған батырлардың» жетегіне ілесіп кетуі мүмкін. Әлеуметтік желіде жастарды заңсыз іс-әрекет жасауға шақыратын материалдар таралуда.Тіпті, заң бұзған адамдарды үлгі етіп көрсететіндер бар. Біздің азаматтарымыз кез келген заңсыздыққа қарсы болуы керек, яғни бізге заң бұзушылыққа төтеп беретін мықты иммунитет қажет.», — деп қадап айтқан болатын. Осы бағытта біздің шырайлы Шымкентімізде полиция департаментінің қолдауымен әлеуметтік тқрақтылықты қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері де бар.Қазақстан Республикасы полициясы азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын және бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүлкін, мүддесін қылмыстық және басқа құқыққа қарсы озбырлықтан қорғауға шақырылған және мәжбүрлеу шараларын қолдану құқығы берілген атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесінің атынан өкілеттілік жасайды. ІІО барлық қызметкерлеріне бір ортақ қасиет тән – мемлекет қойған міндеттерді орындаудағы әлеуметтік бағыттаушылық, қылмыстылықпен күрес, қоғамдық құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ішкі істер органдары жүйесіндегі кандай кәсіпке немесе мамандыққа жататындығына қарамастан, оның әрбір жұмыскерінің борышы — Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғау. Бұл ішкі істер органдарындағы сан түрлі кәсіп пен мамандық иелерін «Полиция қызметкері» деген бір ұғымға біріктіреді. Мемлекеттіліктің қалыптасуы барысында полиция және азаматтық қоғам институтының адамдар мен азаматтардың конституциялық құқығын және бостандығын қамтамасыз ету аясындағы конструктивті өзара іс-әрекеттерін дамытуын болашағы бар бағытқа жатқызамыз. Бұл маңызды стратегиялық міндет, оның шешімін табу Қазақстандағы азаматтық қоғам институтын қалыптастыру үдерісінің жылдамдығына және сапасына көп әсер етеді. Экономикалық өсумен, өндірісті модернизациялау және дамытумен, әлеуметтік саладағы және қазақстандықтардың өміріндегі оң өзгерістермен қатар, құқық қорғау жүйесінде, соның ішінде полицияда белсенді модернизация жүргізілуде. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық қоғам мен оның өзара іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-құқықтық шарттары құрастырылуда. Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы, тұлғаның әлеуметтенуі осы өзара іс-әрекеттерінің өлшемі болып табылады. Полиция, құқық қорғау жүйесінің маңызды бөлшегі бола отырып, ерекше әлеуметтік функцияларды атқарады, әлеуметтік тәртіпті қолдап әлеуметтің тұрақтылығына және белсенді дамуына көмектеседі. Азаматтық қоғамның соңғы жылдары адамның тіршілігінің және өмірді қамтамасыздандыруының барлық саласын: нақты өндірістен бастап адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымын және өмір сүру ортасын дамытуға дейін қамтитын қоғамдық организм болуына байланысты қоғамдық қатынастардың дамуындағы полицияның рөлі мен мәні артып отыр.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin