• 23 ноября, 2024 9:10 пп

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм»  атты Қазақстан халқына Жолдауын қалың қазақ елі қалай қабылдады? Бұл Жолдаудың негізгі бағыты қандай? Осы және өзгеде сұрақтарды осы ақпараттық мақаламыздан оқи аласыздар. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз. Табанды еңбектеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Әлі де атқаратын шаруа көп. Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Осы орайда Шымкент қаласыныі әлеуметтік мәселесі мемлекет тарапынан әрдайым бақылауда екендігі сөзсіз. Президент тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда 12 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса биыл қалада 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға берілген болса, бүгінде «Тұран» шағын ауданында 500 орындық тағы бір оқушылар сарайы салынуда. – Денсаулық сақтау саласындағы басты мақсатымыз – медициналық қызметті сапалы әрі тұрғындарға қолжетімді ету. Осы мақсатта қалалық онкологиялық орталықтың базасында жеке инвестор есебінен қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысында анықтайтын ядролық медицина орталығы ашылды. Биыл осы орталықта 553 адамға қызмет көрсетілді. Жыл соңына дейін алғаш рет балалар кардиохирургия бөлімшесін ашуды көздеп отырмыз. Алдағы жылдары 6 жеке медицина орталығын, 200 орындық жаңа заманауи перзентхана мен 800 орындық университеттік клиника салу жоспарда бар көрінеді.

Jsk ақпараттық агенттгі

Автор: admin