• 11 сентября, 2025 5:38 дп

Прокуратурада балалардың құқықтарын қорғау және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті

Автор:admin

Авг 1, 2025

Бүгін Шымкент қаласының прокуратурасында аудан прокуратураларының қызметкерлеріне арналған «Прокурорлық қадағалаудың жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудағы және балалардың құқықтарын қорғаудағы рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ прокуратура органдарының жас мамандарымен жұмыс жүргізу аясында ұйымдастырылды. Семинар барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі мәселелері талқыланды. Жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, прокуратураның мемлекеттік органдармен және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылына, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Іс-шара қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың және балалардың құқықтарын қорғау мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудағы негізгі құрал ретінде прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Қазақстан Республикасының балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, оларды кемсітуге жол бермеуге, балалар құқықтарының кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бағытталған.   Конституцияның 27-бабына сәйкес балалық шақ мемлекет қорғауында. Елімізде 6 млн. астам бала бар. Біздің облыста олардың 200 мыңнан астам, оның 500-ден астамы жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау үшін бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитет, бала құқықтары жөніндегі уәкіл органы, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, полиция органдары, ҰЕҰ, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия жұмыс істейді.  Мемлекет басшысы жыл сайын өз жолдауында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту қажеттігін атап өтеді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді, балалардың, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау шаралары қабылдануда.  Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, балаларды қатыгездік пен қылмыстық шабуылдардан қорғау прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Оны сәтті шешу үшін Шымкент қаласының  прокуратурасы барлық қажетті шараларды қабылдауда.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

 

Автор: admin