• 31 июля, 2025 10:15 пп

Сайлауды ұйымдастыру бұл – болашақты бағамдаумен тең!

Автор:admin

Июл 2, 2025

Барлық уақытта сайлау ерікті болған жоқ. Ежелгі дәуір және орта ғасырларда көптеген шектеулер болған. Сол кезеңдерде сайлауға тек ақсүйектер қатысты, кедей адамдар, әйелдер мен құлдар сайлаудан шеттетілді. Жаңа заманда сайлауға барлық азаматтар қатыстырылады, бірақ мүліктік, жасына, біліміне, жынысына және т.б. ценз — шектеулер енгізілген болатын. Сайлау құқығы — мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және республика мәслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады. Біздің еліміздегі сайлау Конституция ережелері мен «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық заңына негізделінген. Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, көсіпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы зандарды бұзатын шешімдері мен іс-әрекетеріне сотқа шағымдануға болады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіруі ықтиярлы түрде жүзеге асады. Сайлаушы өзінің ішкі сенімі мен таңдауына сүйене отырып, дауыс береді. Егер сайлауды өткізу барысында заңды бұзушылық байқалса, сайлау жарамсыз болып танылуы мүмкін. Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау корытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заң кандидатқа сайлау уақытында еңбек қызметін орындамауды міндеттемейді. Заң кандидатқа уақытын қалай пайдаланатындығын өзі айқындауына мүмкіндік береді. Заңның демократиялылығының мәні де осында. Кандидаттардың сайлауға қатыскан уақыты тіркелген күнге дейін оның жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі. Кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін өздерінің келісімінсіз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ іссапарға жіберуге немесе әскери жиындарға шакыруға болмайды. Президенттікке, Парламент депутатығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау корытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаттары ретінде тіркелгенге дейін:*түтқынға алуға;

еріксіз әкетуге;

оларға сот тәртібімен өкіметтілік жазаларын колдануға;

қылмыстық жауапкершілікке тартуға;

Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз (тікелей қылмыс үстінде ұсталуы немесе ауыр қылмыс жасауы сәтіндегі тұткындаулардан басқа реттерде) ұстауға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары дегеніміз сайлау құқығы нормалары мен институттары негізінде алынган жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т.б.) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында  бекітілген. Оларға: • жалпыға бірдей сайлау құқығы; • тең сайлау құқығы; • төте сайлау құкығы; • жанама сайлау құкығы; • жасырын дауыс беру кағидаттары жатады. Аталған кағидаттарды толығырақ қарастырайық.

Jsk ақпарат агенттігі

Автор: admin