• 2 августа, 2025 11:45 дп

Сайлау комиссиясы мен бақылаушылардың сайлаудағы рөлі

Автор:admin

Июл 9, 2025

Сайлау комиссиясы бақылаушыға дауыстарды санау хаттамасын беруге міндетті ме? Иә, міндетті. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, бақылаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті. Сондай-ақ, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi бақылаушыларды сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi. Олармен бақылаушы ілесіп жүруге құқылы. . Бақылаушы дауыс беру күні не істейді? Сайлау күні сағат 6.00-де сайлау учаскесіне келіп, бақылаушылар тізімінде белгіленеді. Учаскеде заңнама талаптарының сақталуын тексереді. Сағат 7.00-де дауыс беру басталатындықтан учаскеге тіркелгендер санын біледі. 12.00-де үйден дауыс беретіндердің санын анықтайды. Сайлау учаскесінде тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда төрағаға жүгінеді, акт толтырады. 20.00-де дауыс беру аяқталады, соған сәйкес дауыстарды санау процесіне қатысып, қол қойылған және мөр басылған хаттама көшірмесін алады.  Бақылаушы сайлау учаскесінде өзімен бірге жеке куәлігі мен бақылаушы куәлігін, қағаз бен қалам, бақылаушының жадынамасын алуы керек. Күні бойы бір жерде отыратындықтан телефон қуаттағыш пен тағам алу артық етпейді.  Сайлау учаскесінде дауыс санау тәртібі қандай? Сайлау жəшіктерін ашпас бұрын пайдаланылмаған барлық бюллетеньдер есептеледі жəне өтеледі. Алдымен портативті сайлау жəшіктері ашылады. Тасымалданатын сайлау жəшігіндегі сайлау бюллетеньдерінің саны сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі туралы жазбаша өтініштердің санымен сəйкес болуы тиіс. Дауыстардың нəтижелерін сайлау комиссиясы қарап, хаттамасын жазады, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған кезде хаттамаға сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды. Дауыс беру нəтижелері бойынша хаттамаларды əртүрлі түсті қарындашпен жəне бояулармен толтыруға жол берілмейді, сондай-ақ оларды түзетуге болмаады. Бұл жағдайда дауыс беру нəтижелерінің сандық мəндері жазбаша түрінде қайталануы керек. Хаттаманың көшірмесі дереу сайлау учаскесіндегі арнайы белгіленген жерде халықтың назарына орналастырылып, екі күн тұрады. Дауыс санау кезiнде Конституциялық заңға сəйкес ұсынылған адамның өтiнiшi бойынша оған хаттаманың көшiрмесi берiледi, ол комиссия төрағасы мен хатшысының қолдарымен жəне сайлау комиссиясының мөрiмен расталады. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн үстелдер учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады. Бақылаушы сайлауда қандай бұзушылықтарды тіркей алады? Бақылаушы: Сайлау учаскесін мерзімінен бұрын ашу (сағат 06.00-ге дейін); Дауыс беру басталғанға дейін жәшіктерде бюллетеньдердің болуы (жәшіктің ішінде ештеңе болмауы керек); Сайлау жәшіктерінде мөр, пломбаның болмауы; Бюллетеньдер сақталатын бөлменің мөрленбеуі; Дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау шарттарын бұзу; Үгіт материалдарының болуы, сондай-ақ учаскеде үшінші тараптың үгіт жүргізуі; Учаскеде сайлаушылар тізімінің болмауы, сайлаушылар тізімін сайлаушыларға, бақылаушыларға бермеу және басқа да заң бұзушылықтарды тіркей алады. Бақылаушы бұзушылық анықтаған соң оны төрағаға хабарлап, бұзушылық туралы акт жасайды. Бақылаушы сайлау учаскесінде сайлаушыға көмектесе ала ма? Жоқ. Дауыс берушiлер сайлау бюллетеньдерiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оларды толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да кiрiп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдердi өз бетiнше толтыра алмайтын адам өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы. Бірақ ол адам тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген бақылаушы болмауға тиіс.  Не үшін сайлауда бақылаушы болу керек? Бақылаушылар сайлауды тек қарап, тыңдап қана қоймайды. Олар заң бұзушылық актілерін жасайды. Сайлау барысы туралы сауалнамалар толтырады. Құқықбұзушылықтарды фото және видеоға түсіріп, «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес басқа да рұқсат етілген қызметті жүзеге асырады. Бақылаушы үшін демократиялық процедураның әділ және ашық өтуі маңызды.

 

Jsk ақпарат агенттігі

Автор: admin