• 5 декабря, 2024 2:09 дп

САЙРАМ АУДАНЫНДА «TURKISTAN» БРЕНДІМЕН КҮНБАҒЫС МАЙЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Автор:admin

Ноя 16, 2023

БАҚ өкілдері Сайрам ауданына жасаған пресс-тур барысында «TURKISTAN  май» сауда маркасымен күнбағыс майын өндіретін кәсіпорынға барды. Жылына 1 200 тонна май өндіретін өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. Серіктестік өнімінің 70%-ын еліміздің қалаларына, қалған 30%-ын Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдеріне экспорттайды. Одан бөлек, тілшілер жылына 60 мың тонна құрама жем өндіруге қауқарлы «ЖК Абдукадиров» цехында болды. Қазір онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, сапар аясында журналистер Қасымбек Датқа ауылындағы «Қайып ата» ЖШС-ң ет өнімдерін өңдейтін цех жұмысымен танысты. Жылына 6 000 тоннаға дейін ет өңдейтін цех өнімін Ресей, Өзбекстан елдеріне экспорттайды. 2016 жылы іске қосылған нысанда 45 маман жұмыс істейді

Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері «Ауыл аманаты» жоба аясында 5 млн. 600 мың теңге көлемінде 2,5 пайызбен несие алған Көлкент ауылының тұрғыны Темірхан Сарсеновтың шаруа қожалығымен танысты. Бүгінде кәсіпкер 80 уақ мал басын сатып алып, көбейтуді жоспарлап отыр. Еске сала кетсек, жоба картасына Сайрам ауданынан Ақбұлақ, Жібек жолы, Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округтері енген. Аталған төрт ауылдық округі бойынша жалпы 266 жобаны іске асыру көзделген. Бүгінгі таңда 132 жоба нақты қаржыландырылған.

Айта кетсек, ауданда жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 25,4%-ға артып, 21 701 бірлікті құраған.

Автор: admin