• 20 сентября, 2024 2:47 пп

Салықтардың экономикалық мәні.

Автор:admin

Авг 12, 2024

Қазіргі таңда ҚР-ның экономикасын жетілдіруде бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдердің алғашқы орын алатыны сөзсіз. Жалпы, қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады. Мемлекеттің қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Кез – келген мемлекеттің экономикасының даму болашағы көп жағдайда әрекет етуші экономикалық саясат пен салық заңдылығында мүмкін болатын қол жеткізілген салықтық түсімдер деңгейімен салық жүктемесінің шекті деңгейі арқылы анықталады. Салықтар мемлекеттің өмір білдіретіндіктен, ол барлық нормативтік – құқықтық актілерге енгізілген ұйғарымдардың толық орындалуына мүдделі болады. Салықтық бақылау салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке жинауды қамтамасыз ету құралы және мемлекеттік бақылаудың неғұрлым ұйымдастырылған түрлерінің бірі ретінде көрінеді. Кейбіреулер салықты ерік берілген тонау деп түсінеді. Кіші және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар, жеке меншік фирмалар, заңды және жеке тұлғалар және тағы басқалар, «Салықты» мемлекеттің ашық түрдегі тонауы деп түсінеді. Яғни, олар тапқан табысын жасырып салықты өте аз мөлшерде төлеуге тырысады. Осыған байланысты бюджетте ақшаның жетіспеушілігі пайда болады. Ал шын мәніне келетін болсақ «Салық» бұл мемлекеттің бюджетін құрайтын негізгі қаржы. Егер салықты әр бір заңды және жеке тұлғалар өз уақытында бюджетке толығымен аударып отырса, онда мемлекетіміздің бюджетінде ешқандай ақшаның жетіспеушілігі болмайды. Кірісіміз бен шығынымызды ой елесінен өткізгенде оның қаншалықты жауапкершілік жүгін артып отырғанын жақсы түсінеміз. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin